Елорда әкімдігі тұрғындарды жұмыспен қамту үшін 400 грант бөлді

Dalanews 17 нау. 2021 11:25 234

Биыл елорда әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы 400 грант беруді жоспарлап отыр, – деп хабарлайды Dalanews.kz  елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл гранттың ең жоғарғы сомасы – 583 400 теңге (200 АЕК). Жыл басынан бері комиссия 87 өтінішті қарап, оның 37-ін мақұлдады. Оған жұмыссыз адамдар, кәсіпкерлер, сол сияқты өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген азаматтар мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер болып саналады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткені туралы сертификаттың болуы міндетті шарт болып саналады, оны беру мерзімі 3 жылдан аспауы тиіс.

Сертификаттың болуы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өткен азаматтар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мүшелері, қоныс аударушылар мен қандастар айрықша құқыққа ие болады.


Мемлекеттік гранттар қаражатын қажетті еңбек құралдары, технологиялық жабдықтар, жануарлар, мал, құс, көшеттер, бұталар, тұқымдар, көшеттер сатып алу, бизнес-жобаны іске асыру үшін үй-жайларды жалға алуға ақы төлеу секілді мақсатта пайдалануға рұқсат етіледі.

Бірақ тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге берілмейді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының мекенжайы: Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» БО, байланыс телефоны: 95-44-24 (сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x