Маңғыстаулық ісмер былғарыдан аяқ киім тігуді бастады

Dalanews 16 нау. 2021 18:48 317

Бейнеу ауылының тұрғыны Ғалымжан Лепесов сиыр мен қой терісін өңдеп, былғарыдан сапалы аяқ киім тігуде, – деп хабарлайды Dalanews.kz Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ісмер бұл кәсіпке бала кезден машықтанған. Алғашында темірден, ағаштан әртүрлі пішімдер әзірлей жүріп, тұрмыстық бұйымдар, үй жабдықтарын жасапты. Бүгінде ол етік тігу ісін қолға алып отыр.

– Қазіргі уақытта тек ерлерге арналған аяқ киім тігіп жатырмын. Алдымен тапсырыс берушінің өлшемін алып, дайын болу уақытын келісіп аламын. Кейін керекті материалдарды дайындап, аяқ киім жасауға кірісемін. Шағын ғана цехымда арнайы құрылғыларым бар. Тұтынушының көңілінен шығып, ойындағыдай етіп жасауға бар күшімді саламын. Алдағы уақытта шағын цехты кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік бағдарламалар арқылы одан әрі дамытып кеңейту жоспарда бар, – деді Ғалымжан Лепесов.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x