Дәулеттің көмегі дәулеті төмен жандарға жетті (фоторепортаж)

Dalanews 06 мам. 2020 08:37 359

Dalanews.kz "QOLDA" жедел көмек көрсету жобасы аясынде карантин кезінде қарапайым халыққа көрсетіліп жатқан қолдау шараларын барынша насихаттап келеді. Осыдан бірінеше күн бұрын Олипиада чемпионы, үлкен жүректі азамат Дәулет Тұрлыханов туған жері ШҚО-дағы жағдайы төмен отбасыларға 80 тонна азық-түлік жіберді деп хабарлаған едік. Бүгінде сол Дәулеттің көмек-қолдауы иелерін тапты.  


Міне бүгін сол 80 тонна азық-түлік елді-мекендерге келіп жетті.



Коронавирус пандемиясы кезінде даңқты палуан, еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәулет Тұрлыханов, жерлестеріне қолдау білдіру мақсатында облысымыздың аудандарындағы көмекке мұқтаж, аз қамтылған тұрмысы төмен отбасыларына жолдаған 80 тонна азық-түлік елді-мекендерге келіп жетті.



Алғашқылардың бірі болып көмекті Көкпекті ауданының 300 отбасы алып, даңқты палуанға риясыз ризашылығын білдірді.


Сонымен қатар батырдың кіндік қаны тамған Жарма ауданына да азық-түлік тиеген жүк керуендері жетті.


 Аудан басшысы арнайы құрылған комиссия мүшелері жергілікті тұрғындардың осал топтарына  теңдей үлестіріп берді.  80 тоннаны құрайтын азық-түлік қалған Тарбағатай, Абай, Аягөз, және Үржар аудандарындағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарға  таратылды.



Иә “Біз біргеміз” акциясының аймақтарда да жүйелі жалғасын табуы, осындай жүрегі кең жомарт жандардың арқасында іске асып жатқан болар.


Қиын-қыстау кезде жұдырық болып жұмылып, бір-бірімізге қолдау көрсету аса маңызды екені сөзсіз.



Бүгінде меценаттардың қолдауымен «Біргеміз» қорына 18 миилиард 899 миллион теңге қаржы жиналды.

Сонымен қатар 7 миллиард 600 милионнан астам теңге облыстармен республикалық маңызы бар қала тұрғындарының 150 мыңнан аса осал топтарына 50 мың теңгеден берілді.

Қуаныш РАХМЕТОЛЛАҰЛЫ,


Семей қаласы


https://dalanews.kz/52216

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x