Бензин бағасы инфляцияның өсуіне әсер еткен

Dalanews 12 ақп. 2020 02:46 226

Қаңтарда жылдық инфляция 5,6% құрады. Азғантай өсім реттелетін қызметтер мен бензин бағасы тарапынан көрсетілген қысымның салдары болғанын ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов алға тартты.

– Азық-түліктік емес жылдық инфляция 5,2% құрады (өткен айда 5% болған). Бұл акциздердің артуына байланысты бензиннің қымбаттауы есебінен болды. Көлік қызметтері және электр қуаты бағасының өсімі ақылы қызметтер инфляциясының ұлғаюына ықпал етті (инфляция 2019 жылдың желтоқсанындағы 0,7%-тен 1,4%-ке дейін артты)", – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.


Ал азық-түліктік инфляция қаңтарда баяулады. Бұған жеміс-жидек, көкөніс, ет, ет өнімдері, нан-тоқаш өнімдері, жарма, балық, май бағасы өсімі қарқынының төмендеуі әсер етті. Осылайша, 2020 жылы азық-түліктік инфляция баяулай түседі деп болжанып отыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x