Bek Air басшысы журналистерден неге қашты?

Dalanews 31 қаң. 2020 03:48 202

Алматыда әуе апатының жалғыз куәгері – ұшқыш Мейіржан Молдақұловтың денесі жер қойнына тапсырылды. 54 жастағы азаматты ақтық сапарға әріптестері, достары мен жақындары шығарып салды. Ұшқыштың жерлеу рәсіміне келген Bek Air басшысы Нұрлан Жұмасұлтановқа тілшілер бір-екі ауыз сұрақ қоюуға ұмытылғанда ол алды-артына қарамай тұра қашты, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Ал қаралы жиынға қатысқандар марқұмды өз ісін сүйетін еңбекқор әрі ақкөңіл адам болған деп еске алды.

– Мейіржан Молдақұлов мектеп біріген соң Ақтөбенің ұшқыштар училищесін оқуға түсті. Содан ұшқыш болды. Алматыда қанша жылдан бері ұшқыш болып табысты жұмыс істеді. Жұмысын қатты жақсы көруші еді. Отбасына адал, бала-шағасына қарайтын. Жора-жолдасқа да адал жігіт болды, – деп марқұмның Нұржамал Қасымова ойын ортаға салды.

Мейіржан Молдақұлов ұшақ апатынан кейін басынан, жамбасы мен омыртқасынан ауыр жарақат алған. Кейін оған бірнеше ота жасалып, дәрігерлер ұшқышты үйіне жіберген болатын.


Алайда ауруханадан жазылып шыққан азамат арада апта өтпей қайтыс болды. Марқұмның артында жұбайы мен екі қызы қалды. Бұл отбасына Bek Air тарапынан көмек көрсетіле ме, ол жағы әзірге белгісіз.

Компания басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов сұрақ қойған тілшілерді итеріп, алды-артына қарамай тұра қашты.



 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x