Жанат Тәжиева: «Мұғалім беделін коньяк пен бір қорап шоколад түсіруде»

Dalanews 11 ақп. 2017 03:23 288

Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиеваның ұйытқы болуымен қалалық білім бөлімінің ғимаратында «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық және қылмыстың алдын-алу» тақырыбында кездесу өтті. Оқушыларды өзін-өзі өлтіруге итермелейтін «Тыныш үй», «Көк кит» ойынына қатысты ұйымдастырылған  бұл жиында қозғалған ең негізгі мәселе – бала тәрбиесі болды. Кездесуде бала тәрбиесі, оқушы тәрбиесіне қатысты көптеген пікірлер айтылып, өзекті ойлар қозғалды. Мәселен, Жанат Тәжиева бала тәрбиесіне ең бірінші мұғалім, мектеп емес, ата-ана жауапты екенін айтты. 

– Бала мектепте 6 сағат болады. Қалған уақытты мектептен тыс жерде өткізеді. Көптеген ата-аналар баласына бірдеңе болып қалса болды, бірден мұғалімді кінәлап шыға келеді. Мұғалімге жазықсыз жала жапқан талай ата-ананы көрдім. Ұстаздың ең басты міндеті – білім беру. Осыны түсінсеңіздер екен. Қазір көптеген ата-аналар өз балаларының не істеп жүргендерін білмейді. Мысалы, жақында ғана, нақтырақ айтсам, желтоқсан айында қалада 10 қыз төбелесті. Екі тарап болып. Біз осы мәселені қарап едік, ең соңы ата-аналар өз қыздарын қорғап, бізге кінә артып шыға келді. Біз олардан қыздарыңыздын мектептен тыс уақытта не істеп жүргенін білесіздер ме деп сұрап едік, көбісі білмейтін болып шықты. Бірі үйірмеге кетті, енді бірі құрбысына кетті десе, біреулері білмеймін деп жауап берді. Қыздар төбелесіп жүр!.. Бұл өте өкінішті...
Көптеген ата-аналар балаларының көзінше үйде болсын, отырыстарда болсын, спирттік ішімдіктер ішіп, аузына келгенін айтып, боқтап жатады. Мұны көрген бала қандай күйде болады?

Қызға қырық үйден тиым салу керек қой. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ жүкті болып үлгеретін 16-17 жасар қыздар кездесіп жатады. Түбінде, бұның обалы – ата-анаға.  Ата-ана өз қыздарын қатаң қадағалау керек. Қызының тәрбиесіне жауапсыздық танытпағаны жөн. Көптеген ата-аналар балаларының көзінше үйде болсын, отырыстарда болсын, спирттік ішімдіктер ішіп, аузына келгенін айтып, боқтап жатады. Мұны көрген бала қандай күйде болады? – деді.
Көптеген ата-аналар түрлі мерекелерде баласының сынып жетекшілеріне, кей мұғалімдеріне – коньяк, бір қорап шоколад сынды «сыйлықтарын» беріп, алмасына қоймайды. Оны мұғалім алады. Міне, осыдан кейін түрлі әңгімелер көбейіп кетеді.

Және тағы бір мәселе, қазір мектеп ұстаздарының абыройы күрт түсіп кетті. Ал, оның абыройының түсуіне – ата-аналар кінәлі. Себебі, көптеген ата-аналар түрлі мерекелерде баласының сынып жетекшілеріне, кей мұғалімдеріне – коньяк, бір қорап шоколад сынды «сыйлықтарын» беріп, алмасына қоймайды. Оны мұғалім алады. Міне, осыдан кейін түрлі әңгімелер көбейіп кетеді. Дәл қазір ата-аналар комитетінің төрағалары отыр ғой. Осы сәтті пайдаланып, тағы бір нәрсені айтқым келіп отыр: мектепте ақша жинауға болмайды! Сіздердің ақшаларыңыз бізге керек емес. Үкімет бізге ақша бөледі, біз сол ақшаға мектепке парта, шкаф, перде, гүл секілді қажет дүниелерді аламыз. Оқушылардан ақша жинап, мектепке мүлік алуға болмайды. Мектептер ата-аналардан ақша жинай алмайды. Егер Үкіметтен бөлінген ақша жетпей, мектептер қиналып жатса, онда демеуші іздеп, кәсіпкерлерден көмек сұрайтын боламыз, – деп Жанат Арысбекқызы көптеген мәселенің бетін ашты.

Расында ұстаздың міндеті – оқушыға білім беру емес пе? Ағылшындарда мынандай сөз бар екен: «Сен ең бірінші балаңды емес, өзіңді тәрбиеле. Себебі, балаң бәрібір де өзің секілді болып өседі». Ендеше, құрметті ата-аналар! Қалалық білім бөлімінің басшысы бекерге ата-аналарға өтініш айтып жатқан жоқ. Өз тәрбиеңізге, өз балаңыздың тәрбиесіне жауапкершілік танытсаңыз, нұр үстіне нұр болар еді.

Абылай СМАТУЛЛАҰЛЫ

 

Дереккөзі: rgmedia.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x