Қытайдың «Altyn Bankті» алғаны - "қоржынға" қолды салғаны

Dalanews 11 қар. 2016 06:22 258

Қазақстанның Халық банкінің меншігіне тиесілі «Altyn Bank» 60 пайыз акциясын Қытайлық компанияға сатты, - деп хабарлайды «forbes.kz» порталы.

«Қазақстанның Халық банкі» АҚ  Қытайлық ірі қаржы институтымен стратегиялық мақсатта инвестиция тарту туралы келісім жасасқан. Соның нәтижесінде «Altyn Bank-тың» 60 пайыз акциясы Қытайдағы Chinа CITIC Bank Corporation Limited қаржы институтына берілген.

Ресми ақпаратарға сүйенсек, екі жақты келіссөздер жүргізіліп, Қазақстан-Қытай қаржы институттарының талқысынан кейін ғана қабылданған меморондум 2017 жылдың алғашқы жартысында Заңды күшіне енбек.



Ал «Altyn Bank» әрі қарай да қызметін жалғастыра береді-міс.

«Сондай-ақ, осы келісімдердің нәтижесінде бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік ашылып отыр. Halyk Groupтың «Нұрлы жол», «Жібек жолы – экономикалық белдеуі», «Бір белдеу. Бір бағыт» секілді жобаларды жүзеге асыруда негізгі рөлін айқындайды», - дейді «Халық банк» АҚ басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова. Сондай-ақ, Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова банк акцияларын сатуға – саяси жағдайлар себеп болғанын айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы «Халық банк» АҚ «HSBC Банк Қазақстанның» 100% акциясын 31 млрд тенгеге сатып алған еді. Кейін банк атауы "Altyn Bank" болып өзгерген. Енді міне, сол «Altyn Bank-тың» негізгі акциялары Қытайға сатылыпты.

Нұрзат Тоғжан, abai.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x