Әбдібеков Головкиннің боксын тамашалап, айлықты уақытында төлемеген кәсіпкерлерді жазаламақ

Dalanews 20 қыр. 2016 09:36 255

Қарағанды облысының әкімі жұмысшыларына жалақы төлемейтін мекеме басшыларының баспанасын су мен жарықтан ажыратуды ұсынды. Өйткені олар жұрттың маңдай тер ақысын қалтасына басып, бала-шағасы немесе көңілдестерімен шетелдерде дамалуға кетіп қалатынды шығарыпты. Бұл жайында КТК арнасы хабарлады.

Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков мұндай ақпаратты қайдан алғанын ашып айтпады. Десе де, жұмысшылары жеуге нан таба алмай отырғанда отбасымен шетел асатындар Қарағанды облысында жететінін жасырын жоқ. Әкім айтуынша, қарапайым халық айлығына қол жеткізе алмай жүргенде кейбір басшылар Еуропада Головкиннің кездесуін тамашалап жүргенін де айтып қалды. Өңір басшысы қарапайым халықтың жағдайына жүрдім-бардым қарайтын шенділерді жазасыз қалдырмайтынын ескертті.  Нұрмұхамбет Өз кезегінде Нұрмұхамбет Әбдібеков:

– Ойланыңыздар, заңгерлермен ақылдасыңыздар. Мен айтқандай жұмысшының коммуналдық қарызын жұмыс берушіге аударуды қарастырыңыздар. Сосын су мен жарығын қиып тастайық.  Бірақ жарықты дизелді генератормен қосып алады. Суын өшіріп тастайық онда?  Қысқасы, бірдеңе ойлап табыңдар, – деді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x