10 жыл бойы шешілмеген жер дауы

Dalanews 14 нау. 2016 21:29 371

Осыдан он жыл бұрын 600-ден астам отбасы Қарсай ауданы Әйтей ауылындағы «Алтын ұя» ЖШС иелігіне тиесілі шаруа қожалығын жүргізуге арналған жерді сатып алып, күні бүгінге дейін мемлекеттік акт ала алмай, сан ұрып қалды. Жер телімдеріне сот орындаушылары жеке мақсатқа ауыстыру тұрмақ,  заңдастыратын құжатты да бермеген. Он жыл бойы шешімін таппаған даудың анық-қанығын зерделеп көрелік.

12499365_1547634602196118_185761914_oОн жыл бойы сабылған халық, күні кеше Әйтей ауылының маңында жиналып, БАҚ өкілдеріне жер дауының шешілмес түйінін түсіндіруге келіпті. Олардың айтуынша, Қарасай аудандық сотының 02.03.2013 жылғы жер телімін бейбіт жолмен жекеменшікке өтуі жайлы, 2013 жылы 4 қаңтарда шыққан жердің негізгі мақсатын өзгерту жайлы, 29.07.2013 жылғы алғашқы қаулыны орындау жайлы шешімін сот орындаушылары іске асыруға құлықсыз болып отыр екен. Ол аз болғандай, Қарасай аудандық аға сот орындаушы Танхиев  Д. М және сот орындаушысы Смайл Н.М барлық жер телімін 29.04.2013 жылғы шешімге сүйеніп, Ерменбаев Жолдасбек атты азаматқа беріпті. Оның атына барлық жер телімдері үшін мемлекеттік акт жазылыпты тағы да. «Алтын ұя» ЖШС, Исмаилов Ж.Б атынан Ерменбаевқа жер телімі беру жайлы рұқсатын бермегенін де халық бір ауыздан құптады. Орта жолдан қосылған Ерменбаевты халық өз мүддесі үшін киліккен делдал деп санайды. Сонша жыл сот үкімін орындауға құлықсыз болып келген сот орындаушылары өз шешімдерін санаулы уақытта іске асырады. Он жылдың ішінде сот пен сот орындаушылардың табалдырығын тоздырған жұрт, билік өкілдерінен осы даудың шешімін табуға және өздері сатып алған жер телімдерін қайтарып беруге өтініш айтты.

12722670_1547634608862784_2017937448_oОсыған дейін екі мәрте Алматы облысы апелляциалық сот коллегиясы жерді халыққа қайтарып беру жайлы шешім шығарған. Бірақ Алматы облыстық соты екі мәрте апелляцианы қайтарып жіберіп, жердің иесі Ерменбаев деп таныған екен. Жер телімдерін сатып алуы үшін қарт аналар, жас жанұялар несие алуға дейін барған. Батыр ана Нұриқан Балақанова  балалары үшін деп 52 мың АҚШ долларын өз қолымен санап берген. Осы жер телімдері үшін нәсиелерін күн санап төлеп, қалада пәтер жалдап сандалғандары қаншама. Әйтейдегі бұл жерді шаруашылық мақсатқа қолданып, мал өсіру үшін пайдалану керек деп те айтыпты. Ауыл ортасында осындай шаруашылықтың орнауы ақылға сиымсыз емес пе?

 

[caption id="attachment_14145" align="alignleft" width="318"]12421987_1547634595529452_1631666944_o Аудан әкімінің орынбасары жерден үміт үзіңдер деп отыр[/caption]

Ашынған жұрттың ендігі соңғы мүмкіндігі Жоғарғы сот болып отыр. Соңғы инстанция ретінде Жоғарғы сотқа арыздары жазылып та қойыпты. Осы жолы да жиналған қауым Қарасай аудандық әкімдігінің алдына барып, істің түйінін шешіп беруін өтінді. Әкімнің орынбасары Мақсұт Жапаров халық алдына шығып, бұл жерлердің тұрғын үй мақсатына ендігі мүлдем ауыспайтынын айтты. Себебі бұл аумақтан газ құбыры магистралі өтетінін және ендігі бұл жер телімдерін тек шаруашылық мақсатта ғана қолдануға болатынын түсіндірді. Мақсұт Жапаровтың айтқанына сенетін болсақ, осы жер мәселесі бойынша осыған дейін тоғыз адам бас бостандығынан айырылған екен. Халықтың оңбай алданғанын да айтты. Шаршарған халық осы жерлерді ең болмағанда шаруашылыққа қолдануы үшін заңдастырып беруін өтінгенде, жер телімдеріне әлі де мемлекеттік акт берілмегенін білмейтінін және бұл істі қайта қарау керектігіне жүгінді. Осыдан бір жыл бұрын аудан әкімі тұрғын үй тұрғызу үшін су, газ әрі жол салу керектігін алға тартып, тағы осы істі терең қарау керектігін айтқан болатын. Ал осы жылы бұл жер телімдері арқылы газ құбыры магистралі өтетіні және  ендігі тұрғын үй тұрғызудың мүлде мүмкін еместігін кесіп айты.

12837728_1547634605529451_319385840_oСалы суға кеткен халық  жер телімдерін ең болмағанда шаруашылық мақсатқа қолдана алуы үшін құжаттандыруын қалайды. Олардың соңғы инстанция ретінде Жоғарғы сотқа берген арыздары қаралып, сот шешімінің қалай өрбитінін аңду ғана қолынан келеді енді. Өз қамы үшін ортаға киліккен делдар мен көңілі ашық, аңқау халықты оңдырмай жерге отырғызып кеткен алаяқтардың кесірі – он  жылдық дауға ұласты. Аз емес, бақандай 600 отбасының жер дауы қараусыз жатуы ұятты жағдай. Енді олар тек Жоғары соттан үміт күтіп отыр.

Абзал Сүлеймен.


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x