Қайрат НҰРҚАДІЛОВ:  23 МЫҢ АДАМ КЕЗЕКТЕ ТҰР...

Dalanews 21 мам. 2015 12:53 250

Алматы қаласы Тұрғын-үй департаментінің басшысы Қайрат Нұрқаділов «құрылыс саласын мемлекет бақылауына беру керек» дейді. Сонда тендер де тоқтайды, «аға-көкеде» азаяды.

«Қала мен Дала» газетіне сұхбат берген департамент басшысы жас отбасылардың үймен қамтылуы, қазіргі үйлердің сапасы мен бағасы, кезекте тұрғандардың мәселесі жайында айтып берді.

 – Қайрат Заманбекұлы, «Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасы қайда жоғалды осы?

– Бірқатар министрліктер бірікті, сол себепті «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы «Аймақтарды дамыту» бағдарламасына енді.  Кейбіреулер, қолжетімді баспанадан да қол үздік деп жатыр ғой, ол ешқайда кеткен жоқ.  Бастапқы жарнасыз жалға ала отыра сатып алу атты жаңа бағыт пайда болды. «Аймақтарды дамыту» бағдарламасының бірнеше бағыты бар. Оның ішінде – «Жас отбасы», әлеуметтік үйлер, Тұрғын-үй жинақ банкі арқылы, Самұрық-Қазына жылжымайтын мүлік қоры және Қазақстан ипотекалық компаниясының тарапынан берілетін баспаналар.  Бұлардың ішіндегі «Жас отбасы» мен әлеуметтік үйлерге жергілікті атқарушы орган жауапты. 

Бұрын қалай еді? Адамдар бастапқы жарнаны жинайтын. Ол да машақат. Үй бағасының 40 пайызын жинап болған соң қалған 60 пайызын банк несие түрінде беретін. Қазір ақша жинап әуре болмайсыз. Бастысы өзіңіздің төлем қабілетіңді дәлелдесеңіз болғаны. Артынша үйді жалға аласыз. Әрине, кейін сатып алуға болады.

– Мысалға, бір бөлмелі үйдің жалпы құны қанша, жалға алу бағасы қандай? 

–  1 бөлмелі үйдің құны 8 млн. (теңге). Осы 8 миллионды сізге 20 жылға «шашып тастайды». Сіз айына шамамен 43 мың теңге төлейсіз. Сосын бұл баға тұрақты. Ешқандай инфляцияға, девальвацияға болмаса дағдарысқа қарамайды. Тиімді. Бастысы, 20 жылда төлеп бітесіз. Бес жылдан кейін пәтерді сатып алуға болады. Жағдайыңыз жетіп жатса, әрине...
Үй алғаннан кейін оны басқа біреуге сатып жібере алмайсыз. Болмаса сатып жіберіп, оның үстінен ақша қосып кеңірек үй алуға рұқсат жоқ. Өйтсек тағы алыпсатарлар араласып кетеді.

Қоныстанғандар үйді жалға бере алмайды. Осылайша делдалдарға «аулақ жүр!» деп отырмыз. Біздің басқармаға түсетін арыз-шағымның дені сондай. «Үйге зар болып отырған адам оны жалға беріп қойды. Әділет қайда?» дейді тұрғындар.

Кейбір отбасылар бар. Зарыға күткен үйді алғаннан кейін онда тұрудың орнына несиені қайтару үшін жалға беріп қояды. Өздері туыс-туғанының үйін жағалайды. Бірақ мұнда қисын бар ма? Біз оларға үйді өздері тұрсын деп беріп отырмыз ғой?
2013 жылдың аяғынан бері Алматыда 500 жас отбасыға үй берілді. Тізімге енгенмен пәтер жетпей қалған тағы 90 отбасы бар. Олар биылғы жылдың тамыз айында қоныс тойын тойлайды.

b9a2afec6ee7e205f7970e3c818– Соңғы екі жылды алсақ қанша жас отбасы үйлі болды?

– «Жас отбасы» бағдарламасы бар. Қазір біз осы бағдарлама аясында баспананы тек бюджеттік қызметкерлерге қана қалдыруды сұрап отырмыз. Президент Шымкент пен Ақтөбені агломерацияға айналдыру керек деді ғой. Ол жаққа да жастар керек.

2013 жылдың аяғынан бері Алматыда 500 жас отбасыға үй берілді. Тізімге енгенмен пәтер жетпей қалған тағы 90 отбасы бар. Олар биылғы жылдың тамыз айында қоныс тойын тойлайды.

Сосын, қазан айының басында қайтадан тізімдеу жүргіземіз. Түсінбестік болмау үшін бірден айтайын, жас отбасы дегеніміз жасы 29-ға жетпегендер.

Алматыда үйлі болатындарға қарағанда, үйленетіндер көп.  Алматыда жұмыс табуға болады. Бірақ үй алу қиын.

Былтырдан бері барлығы 2000 пәтерді пайдалануға бердік. Бұл әлеуметтік пәтерлер. Бірінші кезекте, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, соғыс ардагерлері, ауған соғысы ардагерлері үйлі болды. Бұдан кейінгі кезекте жас отбасылар келеді.

Жыл сайын Алматыда 1000-1200 отбасыға жалға берілетін пәтер кілтін табыстаймыз деп жоспарлап отырмыз.

– Еліміздегі жастардың бәрі бюджет қызметкері емесі белгілі. Ендеше олар қайтпек? Бұл бағдарламаға қатысы ала ма?

– Ілгеріде айтып кеттім «Жас отбасы» бағыты бойынша биылғы жылдың қазан айында түзілетін тізімде бұған қарамаймыз. Ол жағы маңызды емес.  Сен кәсіпкерсің бе, журналиссің бе, бәрібір. Бюджетке қызмет түрлері көп қой. Мұнда кезекте тұрғандардан бұрын жалпы үйге мұхтаж жас отбасыларға басымдық береміз. Бастысы жасың сәйкес келуі керек (29-ға дейін), отбасын құрғаныңа 2 жыл толса және бала-шағаң болса бұл бағдарламаға қатысуға әбден болады. Ал биылғы жылдың тамызында біз 2013 жылы тізімге енген 90 отбасыға пәтер береміз.

Қайталап айтайын, бұдан кейінгі жаңа тізімді осы жылдың қазан айында жасақтаймыз. Алайда, ендігі жерде өтінішті электронды түрде қабылдаймыз. Egov дейді ғой, сол. Бұл бір жағынан тиімді. Бірақ, бір кемшілігі бар. Адамдарға ақыл-кеңес керек. Біз құжаттардың «тірі кезекпен» қабылдайық, азаматтарға ережені түсіндірейік дегенбіз. Кейбіреу бар,  белгілі бір бағдарламаға сай келе ме, келмей ме ескермей кезекке тұра береді. Сосын біз оларды іріктеп уақыт кетіреміз. Жалпы үй мәселесіне келгенде адам факторы ешқашан жоғалмайды.

– Үйге мұхтаж азаматтарға жеңілдетілген несие беру керек депсіз бір сөзіңізде. Бұл қаншалықты жүзеге асатын дүние?

– Алматыда құрылыс көбейген сайын, көшіп келетіндердің саны да арта түседі. Бірақ...қазір қалада жер тапшы. Біраз жылдан соң тіпті жоқтың қасына айналады.

Пәтер жетпей жатса бірсәрі. Бос тұрған үйлер көп. Халыққа жеңілдетілген несие беру керектігі содан. Айталық, бізде кезекте тұрған отбасы екінші деңгейлі нарықтан (вторичный рынок) үй табады да Тұрғын-үй жинақ банкінен болмаса басқа банктен жоғары мөлшері 4 пайыздан аспайтын несие алуға құжат тапсырады. Банк бізден мәлімет сұрайды. Біз әлгі отбасының үйге мұхтаж екенін айтамыз. Сайып келгенде оған несие беруге болады. Міне, осылайша кезекте тұрғандардың саны азаяды, алға жылжиды. Бұл әзірге өзімнің ойым. Осы мәселені жоғарыға жеткізудің жолдарын қарастырып жатырмыз. 
Сосын осы екінші деңгейлі нарықта үй бағасын тұрақтандыру туралы мәселе көтеріп жатырмыз. Әйтпесе қазір үйдің бағасын әркім білгенінше белгілей беретін болды. Жалпы, Алматыда үй бағасы тұрақсыз. Мысалға, бір үйдегі үш пәтер сатылады делік. Бірақ  үшеуінің бағасы үш түрлі. Біреу «менде еуроремонт» десе, енді «бірі жиһазымен сатам» дейді. Мұның барлығына алыпсатарлар араласып отыр. Бағаны ұшындырып отырған да солар. Сондықтан дәл қазір бізге ортақ стандарт керек.

Қолында билігі бар біраз азаматқа айттым да. «Қазірше тұра тұр» дейді. Бірақ, бүгін болмаса да ертеңгі күні Алматыда құрылыс тоқтайтын кез келеді. Жаңа құрылыс жүргізе алмайтын жағдайға жетеміз. Иә, 2020 жылға дейін белгіленген, анықталған обьектілер бар.

Сосын осы екінші деңгейлі нарықта үй бағасын тұрақтандыру туралы мәселе көтеріп жатырмыз. Әйтпесе қазір үйдің бағасын әркім білгенінше белгілей беретін болды. Жалпы, Алматыда үй бағасы тұрақсыз. Мысалға, бір үйдегі үш пәтер сатылады делік. Бірақ  үшеуінің бағасы үш түрлі. Біреу «менде еуроремонт» десе, енді «бірі жиһазымен сатам» дейді. Мұның барлығына алыпсатарлар араласып отыр. Бағаны ұшындырып отырған да солар. Сондықтан дәл қазір бізге ортақ стандарт керек.

[caption id="attachment_10679" align="alignright" width="546"]_MG_0744 Құрылыс саласын мемлекет бақылауына беру керек. Сайып келгенде біз қазір онсызда мемлекеттің қаржысына үй салып жатырмыз...[/caption]

Екінші мәселе құрылыс компанияларының бәрі жекеменшік. Мұны қолдамаймын. Қазір ұлттық холдингтердің бәрі мемлекетке қарайды. «Қазақстан теміржолынан» бастап «Қазпочташаға» дейін... Ендеше құрылыс саласын да неге мемлекетке бермеске? Ұлттық құрылыс холдингін неге құрмасқа? Сонда тендер де тоқтайды, «аға-көке» азаяды. Әр облыста құрылысқа жауап беретін  компаниялар болады, оларды мемлекет тарапынан бақылау мүмкіндігі де жоғарылайды.

Қазір үйдің сапасын сынға аламыз? Бәрін бүлдіріп отырған тендер екенін біле бермейміз. Ал тендер жүрген жерде біреу-біреуден жауап алуы қиын. Мысалға, жаңадан салынған үй шалқасынан құлады дейік. Құрылыс басқармасының басшысын сілкілейді. «Мен қайдан білейін, құрылысты жүргізген компания тендерде жеңіп алды» дейді ол. Тендердің асты-үстін төңкереді. Ақырында әлгі компанияның ең арзан бағаны ұсынғаны белгілі болып шығады. Неғұрлым аз ұсынсаң соғұрлым тендерді жеңуге де мүмкіндік мол. Болды. Ал бұдан кейін сапа қалай болады? Құрылыс саласына мұндай лотореялардың қажеті жоқ.

Ұлттық құрылыс компаниясы болса бағаны да мемлекет қояды, бәрін бақылауында ұстайды,  нақты штат, өз мамандығына сай мамандар болады. Осылайша құрылыс саласындағы былық-шылық азаяды.

Құрылыс саласын мемлекет бақылауына беру керек. Сайып келгенде  біз қазір онсызда мемлекеттің қаржысына үй салып жатырмыз....ендеше сол құрылысты жүргізіп жатқан маман да мемлекеттің адамы болуы қажет.

– Алматыда кетеуі кетіп тұрған да үйлер де көп. Олар сүру мәселесі әлі де өзекті ме?

Әрине.  Алматыда тозығы жетіп тұрған 900-ге ескі үй бар. Оларды бұзып біткеннен кейін қаланың 1-ші және 12-ші шағынауданына дейінгі аралықтағы панельді үйлерге кезек келеді. 5 қабатты үйлердің дені сүріледі. 1 мен 12-ші шағын ауданның аралығындағы аумақты толықтай жасыл аймаққа айналдыру жоспарда бар.

– Тұрғын-үй департаментінде дәл қазір кезекте тұрғандардың саны қанша?

– 23 мың адам кезекте тұр. Жылына орта есеппен 1800 – 2000 отбасы үйлі болады. Рас, соңғы жылдары сәл кеміді. Қағаз-құжат жағын қатаңдатып жатырмыз. Негізгі талап Алматыда тұрақты тіркеуде тұрғаныңа 3 жыл толуы керек. 1991 жылға дейін бұл 5 жыл болды. Алматы жабық қала болды. Кеңес одағының саясаты белгілі еді ғой...

– 23 мың адам қашан қамтылып бітеді...

– Жыл сайын мың адам кезекке тұрады. Бұл лимит.

Айталық, бізде кезекте тұрған отбасы міндетті түрде берілетін пәтерді шамамен 8 жыл күтеді. Бірақ, ілгеріде айттым ғой, қазір басқа бағдарламалар да бар . Солар арқылы алғысы келсе әрі кетсе 2 немесе 3 жыл күтеді.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан, Думан БЫҚАЙ


 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x