Back

Сфинкске тықыр таянды ма?

Таяуда ғана «Ислам мемлекетінің» содырлары Ирактың Нимруд қаласындағы тарихи жәдігерлерді талқандап, жұрттың зәресін алғаны есімізде. Осы оқиғадан кейін Кувейттегі дін уағыздаушы Ибрагим әл-Кендари Мысырдағы Сфинкстің мүсінін құлатып, талқандау керек деп айды аспаннан шығарды.

Ол Мұхамед пайғамбар Меккені Ислам өркениетінің алтын бесігіне айналдырғанда, ондағы тас мүсіндерді талқандағанын еске алып, пайғамбардың бүгінгі ұрпақтары Мысырдағы перғауындар дәуірінде салынған тас ескерткіштерді талқандауы тиіс екенін мәлім етті. Осыдан біршама уақыт бұрын «Ислам мемлекетінің» басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдати Сфинкс ескерткішін талқандап, жер бетінен жоюды өзінің дін алдындағы басты парызы санайтынын айтқан еді. Енді оның сөзін Кувейттің білдей дін уағыздаушысы қайталап отыр. Мұны қалай түсінуге болады?