Back

Ұлтты ұйытқан ана парасаты

Университет студенттері

Университет студенттері

 “8 наурыз халықаралық – Әйелдер мерекесі” қарсаңында «Алматы» университетінде ұстаздарға да, жастарға да тәрбиелік мәні бар, тағылымдық маңызы зор шара ұйымдастырылды.  

«Ұлтты ұйытқан Ана парасаты…» атты тақырыпта өткен мерекелік іс-шараға еліміздің Білім беру ісінің үздігі, қоғам қайраткері, профессор Шәмшә Беркімбаева, ұлт анасы, атақты батыр, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова апаларымыз шақырту алды.

Жалпы бұл кездесудің тәрбиелік мәні зор болды десек артық айтпаспыз. Университет залына лық толған толған студенттер екі сағаттан аса уақыт бойы ұлт аналарының ұлағатты сөздері мен тәлімді тәрбие берер пікірлерін құлағына құйды.

IMG_8974

«Алматы» университетінің ректоры Бауыржан Құлжабаев

Аталмыш іс-шараға қонақ ретінде шақыртылған елімізге танымал белгілі тұлғалар, профессорлар Гүлзия Пірәлиева және Айгүл Ісмақова апаларымыздың өмір жолына жеке-жеке тоқталып, өз әңгімелерінде Шәмшә Көпбайқызы мен Зейнеп Ахметованың өмір жолы жастарға үлгі болуы керектігін тілге тиек етті.

Ұлттық салт-дәстүр, ұлттық идеология, ұлттық тәрбие. Бұлар ешқашан да маңызын жоғалтпайтын мәңгілік дүниелер…  Осы мәңгілік тақырыпқа қалам тербеген жазушы, қазақтың біртуар қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова бүгін ортамызда отыр. Ал «Алматы» университетінің белсенділік танытып апаларымызбен кездесу ұйымдастыруы игілікті іс және оң бастама. Алдағы уақытта мұндай жиындардың жалғасын табарына сенімдімін, – деді өз сөзінде Айгүл Ісмақова.

Шәмші Беркімбаева

Шәмші Беркімбаева

Шара аясында оқу орнының ұстаздары да сөз алып, бұл тараптағы өз ой-пікірлерін білдірді. Атап айтқанда университеттің күндізгі оқу бөлімінің деканы, тарих ғылымдарының докторы С. Шілдебай «8 наурыз – Әйелдер күні» қарсаңында апаларымызға, аналарымызға арнап өлең оқыды.

IMG_8961

Зейнеп Ахметова

Ал Қазақ мемлекеттің Қыздар педагогикалық университетінің атынан келген, аталмыш оқу орнының музыка факультетінің аға оқытушысы Ұлбосын Белғозиева Шәмшә Беркімбаева апамызға арнап «Қыз ғұмыры» атты тамаша туындыны орындады.

Әрі қарайғы жүздесу ашық сұхбат аясында өтіп студенттер апаларымызға өз көкейлеріндегі сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Шәмшә Көпбайқызы мен Зейнеп Ахметованың ақыл-кеңестері жастардың санасына құйылып, көкейлерінде сақталғаны анық.

Ал ұлтты ұйытқан парасатты аналарымызбен болған кездесуді осынау шараны ұйымдастыруға мұрындық болған «Алматы» университетінің ректоры, техника ғылымдарының кандидаты Бауыржан Құлжабаев түйіндеді.

Барлықтарыңызды аналар мерекесімен құттықтаймын! Бүгінгі кездесудің тағылымдық, тәрбиелік мәні зор болғаны анық. Бұл өз кезегінде студенттердің құлшына білім алуына және өмірге жаңа көзқараспен қарауына, болашақ құндылықтарын анықтауға септесеріне сенімдімін, – деді өз сөзінде Бауыржан Жамалбекұлы.  

Дайындаған, Ерболат БАТЕС

Суреттерді түсірген Қайрат ҚОНЫСБАЕВ