Back

Айбары жоқ оппозиция

Таяуда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс президент сайлауын өткізу турасындағы Жарлыққа қол қойып, саяси доданы өткізуге келісімін берді. Президент сайлауы алдағы сәуір айының 26-жұлдызына белгіленген. Осылайша Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің бастамасы билік тарапынан қолдау тапты. Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс президент сайлауына қатысып, қатыспайтынын алдағы күннің еншісіне қалдырғанын айта кетуіміз керек. Енді оппозиция мен қоғамдық ұйымдар белсенділерінің араларынан үміткерлерін үкілеп, саяси додаға дайындауына болады.

Қазіргі таңда жұртты оппозициядан сайлауға кімдердің түсетіні қатты қызықтыруда (үміт дегенде қойсаңшы). Бұл ретте 2005 жылы еліміздегі оппозициялық саяси күштердің атынан сайлауға түсіп, жеңіліс тапқан Жармахан Тұяқбай мен түрлі деңгейдегі оннан астам сайлауға (мәслихат, мәжіліс, президент сайлауы) түсіп, бәрінде жеңілген Мэлс Елеусізов еске түсері анық. Көпшілікке Мэлстің жайы белгілі. Саяси науқан кезінде халықтың дауысын бөліп, жұрттың екіұдай күйге түсіру оның қашанғы әдеті. Ал оппозициялық күштердің топбастары Жармахан Тұяқбайдың жөні басқа. Десек те, осы ретте Қазақстанда «шынайы оппозиция бар ма» деген сұрақ көпшілікті мазалайтыны анық. Саяси науқандар орын алғанда ғана оппозицияның белсенділігі байқала бастайды. Ал қалған уақытта олар аюулар сияқты ініне кіріп, ұзақ уақыт ұйқыға кететіні жасырын емес. Бұдан Қазақстандағы оппозицияның «бар мен жоқтың» арасында тұрғанын байқайсың. Кейбір саяси сарапшылар Қазақстан президенттік сайлаулардың кезектен тыс өтуі дағдыға айналғанын айтып, мұндай жағдайда оппозициялық күштер саяси додағы дайындық жүргізе алмай қалатынын айтып қалды. Қазақстанда президенттік сайлаудың жақындап қалғанын бес жасар бала да сезеді. Тек білмесе, оппозиция білмей қалуы мүмкін. Әдетте сайлау аяқталғаннан кейін оппозиция серкелері саяси науқанның дұрыс өтпегенін айтып, төрт-бес жерде баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, қарасын батыратынын жақсы білеміз. Тек Әміржан Қосанов қана әлеуметтік желіде, өзінің билікке қарсы ой-пікірлерін ашық жазып отырады. Ал қалғандарын виртуалді әлемнен де таппайсың. Бұл қалай болғаны сонда? Мұндай әрекетсіздікпен оппозиция қашан есейіп, қуатты саяси күшке айналады? Сайлауда билікке қарсы тұрып, қалай жеңіске жетеді? Бұл жағы әзірше жауабы жоқ сұрақ болып тұр.

Өткен сайлау мен алда өтетін сайлаудың арасында елімізде талай оқиға болды. Төбемізге бірнеше рет «Пратон» құлады. Ұлтшылдар «Антигептил» шарасын ұйымдастырып, Т.Мұсабаевтың мазасын алғанын бәріміз білеміз. Сол жерде Жармахан Тұяқбай мен Болат Әбілов жүрсе қандай жарасымды болар еді. Керек десеңіз, Жаңаөзен оқиғасын да оппозиция тиісті деңгейде өз мақсаттарына пайдалана алған жоқ. Жарайды, оппозиция серкелерінің Жаңаөзенге баратын қаржысы болмаған шығар. Өткен жылы Алматының «Барахолкасында» халық толқып, әлеуметтік наразылық туындаған Жармахан Тұяқбай мен Болат Әбіловтің күні-түні сол жерде жүретін жөні бар еді. Алматы қаласы әкімі А.Есімовке қарсы тұрып, халықтың мұң-мұқтажын талап етуі тиіс еді.

Әдетте бәріміз билік партиясы «Нұр Отанды» сынауға құмармыз. Бірақ солардың мына бір іс-тәжірибесіне оппозициялық партиялар назар аударса жөн болар еді. Қазіргі таңда «Нұр Отанның» Қоғамдық қабылдау бөлімдері қарапайым халық арасында өте танымал. Әділетсіздіктен жапа шеккен адамдардың көпшілігі осы Қоғамдық қабылдауды жағалайды. Қарапайым азаматтардың өтініш-шағымдарын қабылдайтын мұндай шағын орталықтар ұйымдастыруға біздің оппозицияның қаржысы жетпейді дегенге өз  басым сенбеймін. Бүгінде жұрттың назарында жүрген «Азат» пен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Астана мен Алматыда кеңселері бар. Онда білікті заңгерлерде жұмыс істейтінін білеміз. Осы ресурсты пайдаланып, қарапайым халықтың арыз-өтінішін қабылдайтын шағын орталық неге ашпасқа. Бұған қыруар қаржының қажеті де жоқ. Сонда олардың жыл он екі ай жұмыс істеп жатқанын жұртышылық біліп отырар еді.

Өткен сайлау мен алда өтетін сайлаудың арасында елімізде талай оқиға болды. Төбемізге бірнеше рет «Пратон» құлады. Ұлтшылдар «Антигептил» шарасын ұйымдастырып, Т.Мұсабаевтың мазасын алғанын бәріміз білеміз. Сол жерде Жармахан Тұяқбай мен Болат Әбілов жүрсе қандай жарасымды болар еді. Керек десеңіз, Жаңаөзен оқиғасын да оппозиция тиісті деңгейде өз мақсаттарына пайдалана алған жоқ. Жарайды, оппозиция серкелерінің Жаңаөзенге баратын қаржысы болмаған шығар. Өткен жылы Алматының «Барахолкасында» халық толқып, әлеуметтік наразылық туындаған Жармахан Тұяқбай мен Болат Әбіловтің күні-түні сол жерде жүретін жөні бар еді. Алматы қаласы әкімі А.Есімовке қарсы тұрып, халықтың мұң-мұқтажын талап етуі тиіс еді. Азар болса 15 тәуелікке отырып шығар еді. Бірақ біздің оппозиция белсенділері мұндай әрекетке бара алмады. Бүгінде жыл сайын облыс әкімдері халық алдына шығып есеп береді. Сол бір жиында оппозиция серкелері аймақтағы әлеуметтік мәселеге қатысты әкімге сұрақ қойса, олардың жолына ешкім кесе көлденең тұрмайтыны анық. Бірақ біздің оппозиция мұндай жерлерде төбе көрсетпейді. Дәл осындай мысалдарды тізбелесек, жетіп артылады. Халық пен билік бетпе-бет келген тұста ортадан оппозиция өкілдерін көре алмайтын болдық. Бұдан кейін халық оппозицияға қалай сенсін. Әңгіменің ашығын айтсақ, олар бос сөзбен, билікті сынаудан әріге барған емес.

Таяуда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының жетекшісі Жармахан Тұяқбай «Таң» телеарнасындағы «Қазақ ньюс» ақпараттық бағдарламасына сұхбат беріп, кезектен тыс президент сайлауына қатысты ойымен бөлісті. Оппозиция жетекшісі: «Алдағы сайлауға жөні түзу адам саясаткер түсемін деп айтпаса керек. Мұндайда тек қана шоумен, әртіс, сайқымазақтар ғана сайлауға түсетінін айтса керек», – деді. Мұны қалай түсінуге болады? Жәкеңнің сайлау басталмай жатып берілгені ме? Жоқ, әлде алдағы сайлауға байкот жарияламақ ойы бар ма? Бұл жағын біз түсіне алмадық.

Нұрлан ЖҰМАХАН.