Back

«Алтын аю» Иранның қанжығасында кетті

Берлинде 65-ші рет ұйымдастырылған «Алтын аю» кино байқауының бас жүлдесі ирандық режиссер Джафар Панахидің қанжығасында кетті. Байқау барысында оның «Такси» деген туындысы үздік деп танылған. 

Режиссер өзінің саяси көзқарасына байланысты байқауға қатыса алмағанын айта кетуіміз керек. Өйткені, Иран билігі оның елден шығуына үзілді-кесілді тыйым салған болатын. Қазіргі таңда Джафар Панахидің шығармашылық жұмыспен айналысуына да тосқауыл қойылған. Байқауды ұйымдастырушылар «Такси» фильмінің режиссеріне көрсетілген саяси қысымның бұл жерде ешқандай қатысы жоқ екенін айтты. Мамандардың пайымдауынша, бұл фильмді алғаш көрген адамдар деректі фильммен шатастырып алуы мүмкін. Бірақ оқиға желісі, таксишінің түрлі адамдармен тілдесіп, түрлі оқиғаларға тап болуы шынайы өмірді дәл бейнелейтінін көркем туынды екенін байқауға болады екен. Фильмде Д. Панахидің өзі таксишінің рольін сомдаған.