Back

Баку – 1990: Қанды қаңтар

«Қала мен Дала» бауырлас елдердің журналистерімен байланыс орнатуды қолға алды.

 Жыл өткен сайын осынау тарихи оқиғаның маңызы арта түспесе, кеміген емес. Иә, әр мемлекеттің тарихында азаматтары әрі мақтанышпен6 әрі қайғыра еске алатын тарихи сәттер бар. Бұл бізге де қатысты. Биылғы жылы анығырақ айтсам, 1990 жылдың 20 қаңтарында Баку көшелерін қанға бөктірген Қанды қаңтар оқиғасына 30 жыл толды.

Ниджат ГАДЖИЕВ

«Әзірбайжан жаңалықтары» халықаралық ақпарат агенттігі саясат бөлімінің тілшісі

Бұл туралы талай айтылды, жазылып та жатыр. Белгілісі бұл күн – КСРО-ның біржолата және толықтай күйреген күні.    

1990 жыл әзірбайжан халқы үшін қантөгіс жылы ретінде есте қалды. Әділетсіздікке шыдамаған, ұлттық намысы тапталған он мыңдаған адам «сәбет» танкілерінен қаймықпай алаңға шықты. Олар қызыл империяның шаш ал десе, бас алатын жандайшаптарынан ыққан жоқ. Елі үшін өлімге басын тікті. Мәселенің мән-жайын түсіндіре кетейін…

азербайджан (2)

Әзірбайжан халқы Қанды қаңтарды ешқашан ұмытпайды.

Сол тұстары Армения «бүлік» шығарды. Әзірбайжан территориясына тұмсық тықты. Осының кесірінен мыңдаған әзірбайжандық ата қонысынан қуылды. Ең сорақысы, бұған сол кезгі орталық  (Мәскеу) және республикалық (Баку) билік көз жұма қарады. Бірақ бұл өмірде ешнәрсе жауапсыз қалмайды ғой. Халық бұған төзген жоқ.

Әзірбайжандықтар алаңға шығып, бұған қатысты өз наразылығын білдірді. Міне, сол кезде армяндардың позициясын қолдаған Михаил Горбачев бастаған КСРО билігі алаңға шыққан жазықсыз жандарды аяусыз ұрып-тепкілеп,  Бакудың көшелерін қанға бөктірді.

Қаңтардың 19-ынан 20-ына қараған түні Ставрополь, Краснодар және Ростовта жасақталған жалпы саны 60 мың әскер (оның бір бөлігін армяндар құраған болатын) жоғарыдан түскен «әскери тапсырманы» орындауға кірісті. Ал ол кезде Бакудың өзінде жалпы саны 12 мыңға жуық ішкі әскер бар-тұғын (тәртіп орнатқысы келсе Кеңес билігі солардың көмегіне неге жүгінбеді?). 

Баку көшелеріне он мыңдаған халық наразалыққа шықты

Баку көшелеріне он мыңдаған халық наразалыққа шықты

1990 жылдың 19 қаңтарында Михаил Горбачев КСРО Конституциясының 119 бабын, Әзірбайжан КСР-ы Конституциясының 71 бабын өрескел бұзып, Бакуде төтенше жағдай жариялау туралы бұйрыққа қол қойды. Бірақ, Горбачев бұл бұйрыққа қол қоймай тұрып, 19 қаңтар кешкі сағат 19:00-де КСРО МҚК-сының (КГБ) «Альфа» тобы Әзірбайжан телеарнасының энергиялық блогын жарып жіберді. Мұндағы мақсат телеарнадан ақпарат таратуды тоқтату болатын.

Әскер қалаға басып кірді. Ал телеарнасы мен радиосы үзілген халық бұдан мүлде хабарсыз болатын. Горбачев бұйрығы күшіне енбей тұрып жазалаушы әскер 9 адамның жанын қиып үлгерді. Бірақ, бұл қантөгістің басы ғана тұғын.

Қаңтардың 19-ынан 20-сына қараған түні Бакуде 82 адам ажал құшып, 20 адам ауыр жарақат алды.  Бакудың халқы қалаға 60 мың қолдың басып кіргенін 20 қаңтарда сағат 7-лер шамасында ғана білді. Төтенше жағдай жарияланғаннан кейін (20 қаңтарда) тағы 21 адам жандайшаптардың қолынан қаза тапты.

Тұтастай алғанда, ешқандай хабарсыз Бакуге басып кірген әскердің қолынан 147 адам қаза тапты, 611 адам ауыр жарақат алды. Ол өз алдына…қудалаулар басталды. 841 адам жазықсыздан жазықсыз түрмеге жабылса, олардың 5-і із-түзсіз жоғалып кетті.

азербайджан (6)

Танкілер жолындағының бәрін жапырды.

Ал қалаға кірген танкілер көшелерді, автобустарды, тұрғын үйлерді қиратты. Олар тіпті жаралыларды әкетіп жатқан «жедел жәрдемнің» өзін бомбылаған. Айналасы екі күннің ішінде «қызыл империяның» қолшоқпарлары 200-ден астам тұрғын үйді қиратып кетті.

Ілгеріде бұл өмірде ешнәрсе жауапсыз қалмайды дедім ғой. Бұл күн КСРО-ның ақыры болатын. Себебі, 20-шы қаңтардан кейін тек кеңес республикалары ғана емес, тұтас әлемнің коммунистік жүйенің  күні өткеніне, күйрегеніне көзі жетті.

Қанды қаңтардан кейін әзірбайжан халқы өзін КСРО құрамындағы ел ретінде елестете алмайтын жағдайға жетіп, ел ішіндегі рухты тұлғалар азаттық туралы ұран көтерді…

Міне, содан бері ширек ғасыр өтті. Тәуелсіз ұрпақ өмірге келді. Бірақ олар (біз) бәрін де біледі. «Қызыл империяның» қандай болғанын, Қанды қаңтарды да…

Иә, бұл оқиғаға «тапсырыс» берген кім деген сұрақтың төңірегінде пікірталас әлі толастаған жоқ. Ресей бәрін АҚШ-тан көреді. Бұл бос әңгіме. Бәрі Мәскеудің кесірінен болды. Бұл КСРО-ның құрдымға кетер алдындағы соңғы тұяқ серпуі еді. Өкініштісі, сол оқиғаға кінәлілердің көзі тірі. Олар жазасын алған жоқ. Бостандықта жүр. Білуімізше, «біз КСРО-ның соңғы генералдарымыз» деп мақтанады екен. 

1994 жылы Әзірбайжан Президенті Гейдар Әлиевтің пәрменімен Милли меджлиске 20 қаңтардағы оқиғаларға саяси-құқықтық баға беру туралы тапсырма берілді. Меджлис Қанды қаңтарға «тоталитарлық жүйенің тұтас әзірбайжан халқына жасаған қастандығы» деген баға берді. Ұмытмаймыз. Ұмытылмайды…

і