Back

ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

МанатТәуелсіздік жылдары елімізде заманауи медициналық нысандар бой көтеріп, халыққа қызмет көрсете бастады. Солардың бірі һәм бірегейі Алматы қалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасы. Таяуда аталған емдеу мекемесінің бас дәрігері Манат Сейдумановпен сұхбаттасып, аурухананың мүмкіндігі мен қазіргі медицина саласындағы маңызды мәселелер жайында ой бөлісудің сәті түсті. Манат Тұрарұлы заманауи аурухананың жұмысымен таныстырып, озық медициналық құрал-жабдықтарын көрсетті. 350 орындық аурухана хирургиялық, травматологиялық және гинекологиялық бағытта жедел, шұғыл көмек көрсетуге бейімделген екен. Аурухананың 9 операциялық залы бейнебақылаумен жабдықталыпты. Жас мамандардың операцияны басқа бөлмеде отырып бақылауына жағдай жасалған. Бастысы, аурухана құрылысына ерекше материалдар пайдаланылған. Емхананың қабырғасы, едені және төбесі бактерияға қарсы жабындылармен қапталыпты.

 – Манат Тұрарұлы, өзіңіз басқарып отырған аурухананың заманауи құрал-жабдықтармен жарақталғанын көрдік. Енді қарапайым халыққа қандай медициналық көмек көрсетіп жатқандарыңыз жайында айтсаңыз?

– Біздің аурухана Алматыны былай қойып, республика көлеміндегі бетке ұстар емдеу мекемесінің бірі. Дегенмен, бізге жүктелген жауапкершілік зор. Аурухана іске қосылған күннен бастап, ырғалып-жырғалмай, бірден іске кірісіп кеткен болатын. Міне, содан бергі қызу жұмыс бір сәтке де толастаған емес. О баста біздің аурухананың медициналық қызметіне жүгінгендердің 96 пайызын жедел жәрдем арқылы келіп түскен адамдар құрады. Қазір жедел жәрдем арқылы келетін науқастардың саны сәл төмендеп, арнайы келіп ем алатын адамдардың саны біршама өскені байқалады. Жағдайдың бұлайша қалыптасуына емхана қызметкерлерінің науқастарға сапалы медициналық қызмет көрсетуі себепші болғаны сөзсіз. Сондай-ақ, өзге облыстардан келіп ем алатын науқастардың саны артуда. Аурухана жедел медициналық қызмет көрсетуге арналған емдеу нысаны болғандықтан, науқастарымыздың 90 пайыздан астамы жедел жәрдемнің көмегіне жүгінгендер. Хирург мамандарымыз күн сайын табандарынан тік тұрып 20-25 ота жасайтынын айтуға тиіспін. Осылайша көптеген адамды ажалдан арашалап жатқан жайымыз бар.

Президент

Бүгінде дамыған елдер жоғары медициналық қызметті өркендетуге күш салып жатқаны белгілі. Бұл бағыттағы жұмыстардан Қазақстанда шет қалып жатқан жоқ.

Бүгінде дамыған елдер жоғары медициналық қызметті өркендетуге күш салып жатқаны белгілі. Бұл бағыттағы жұмыстардан Қазақстанда шет қалып жатқан жоқ. Бұған дейін жасы келген адамдарға ота жасау қауіп-қатерге толы болды. Қазір біздің аурухана қызметкерлері үшін жасы 70-тен асқан адамдарға түрлі оталар жасау қатардағы жұмыстардың біріне айналып отыр. Осы ретте хирургтеріміздің 96 жастағы қарияның жамбасын ауыстырып, Қазақстан бойынша рекорд жасағанын мақтанышпен айта аламын.  Сұрапыл соғысты бастан өткерген ақсақал суға түсіп жатқанда тайып кетіп, жамбасын сындырып алған соң, біздің көмегімізге жүгінді. Бірінші кезекте қызметкерлеріміз қарттың денсаулығын мұқият тексеріп, ағзасы отаны қалай қабылдайтынын анықтады. Науқастың денсаулығы қалыпты болғаннан кейін жедел іске кірістік. Нәтижесінде ота сәтті өтіп, ақсақал аз күнде аяққа тұрып кетті. Сол отаның жасалғанына екі жылға жуықтап қалды, ақсақалымыз болса шапқылап жүр. 96 жастағы адамға ота жасау медицина үшін үлкен жетістік болып саналады. Салыстырмалы түрде айтсам, медицинасы дамыған Үндістан 93 жастағы қарт адамға ота жасағандарын айтулы оқиғаға балаған еді.

 Қазір біздің аурухана қызметкерлері үшін жасы 70-тен асқан адамдарға түрлі оталар жасау қатардағы жұмыстардың біріне айналып отыр. Осы ретте хирургтеріміздің 96 жастағы қарияның жамбасын ауыстырып, Қазақстан бойынша рекорд жасағанын мақтанышпен айта аламын.

– Ақсақалдың жамбасы мен буындарын ауыстырғандарыңызды айтып қалдыңыз. Адам денсаулығына қажетті жасанды организмдерді қайдан аласыздар?

– Біздер отаға қажетті жасанды организмдердің басым бөлігін АҚШ-тан алдырамыз. Ауруханамызға Оңтүстік Кореядан іс-тәжірибе алмасу үшін келген мамандар құны қымбат жасанды организмдерді пайдаланып жатқанымызды көріп таңқалғаны есімде. Шамасы, олар Қазақстан медицинасы мұндай заманауи жасанды организмдерді қолданады деп ойламаса керек. Осы бір қарапайым жайттан еліміз медицинасы қандай деңгейге көтерілгенін байқауға болады. Хирургтарымыз тізе, жамбас сүйектерін еркін ауыстыра алады, жоғарғы иық сүйектерін ауыстыруға әлі жете қойған жоқпыз. Хирургиялық травматологияда қолданып жүрген жасанды сүйектер титаннан жасалынатыны белгілі. Бұл металдың медицина саласында өзіндік артықшылығы бар. Айталық, ота барысында зақымдалған сүйекті титанмен ауыстырғаннан кейін науқас тез сауыға бастайды. Бір сөзбен айтқанда, біздер қолданып отырған жасанды буындар мен сүйектер адамдардың қысқа мерзім аралағында сауығып кетуіне мүмкіндік туғызады. Қазақстанда мұндай қымбат оталардың басым бөлігі мемлекеттің тегін медициналық көмек көрсету бағдарламасы аясында жасалынатыны белгілі.

Елімізде қазір эндоскопиялық ота жасау тәсілі жан-жақты дамып келеді. Эндоскопиялық ота деп қандауырдың көмегінсіз жасалынатын оталарды атайды. Отаның бұл түрімен бүйректегі тас пен толып кеткен өтті оп-оңай алып тастауға болады. Соңғы уақыттары түрлі гинекологиялық аурулармен түскен әйелдерге де эндоскопиялық ота жасап, өмірлеріне араша түсіп жатқан жайымыз бар.

– Мұндай оталардың құны қаншалықты қымбат?    

– Әрине, оталардың бағасы қымбат, кез келген адамның қалтасы көтере алмайды. Травматологтар қатып-семіп қалған, қозғалуға қиын тізеге жиі ота жасайды. Оның құны 400-500 мың теңге мөлшерінде. Осындай жиі кездесетін ауру түрлеріне мемлекетіміз арнайы квота бөліп, науқастардың медициналық көмекті тегін алуына жағдай жасауда. Біреулер бұл денсаулық сақтау саласы үшін үлкен шығын деп ойлауы мүмкін. Өз басым мұндай пікірмен келіспеймін. Еліміз жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуді дамытуға күш салып, бұл салға қыруар қаржы бөліп келеді. Экономикалық тұрғыдан алғанда бұл салаға бөлінген қаржы өзін толықтай ақтайды. Айталық, бұрындары адамның аяғы сынса, гипске таңып, 3-4 ай ауруханада төсекке таңылып жататын. Осы аралықта оларға қажетті күтім жасау үшін көптеген дәрі-дәрмек пен медқызметкерлер ұстауға тура келеді. Қазір жоғары сапалы медициналық көмектің арқасында мұндай шығындарды қысқарту мүмкін болып отыр. Науқастар да ұзақ уақыт төсек тартып жатпай, қысқа уақыт аралығында тіршілігіне қайта оралып, жұмыс істеп, отбасын асырап жатыр. Осы қарапайым жайттан тегін де жоғары сапалы медициналық көмектің мемлекетіміз үшін қаншалықты тиімді екенін байқауға болады.

0L1A0998

Мені қазақтардың бейқамдығы қатты алаңдатады. Басқа ұлттар басы ауырып, балтыры сыздаса, емханаға тұра жүгіреді. Ал қазақтар болса әбден асқынып, көмек көрсетудің тәуекелі артқан кезде ғана емхананың есігін ашады.

 – Емханаларыңызға түрлі жол көлік оқиғасы салдарынан көптеген адамдар түсіп жататынын түсіндік. Травматологиядан басқа салалар қалай дамығанын айта отырсаңыз?

– Алматы қалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасы көптеген сырқаттарға медициналық көмек көрсететін мүмкіндікке ие. Қатты суық тигеннен адамдардың жұлыны зақымданып, түрлі ауруларға ұшырайды. Ауруханамызда жұлынға ота жасайтын білікті хирургтар жұмыс істейтінін мақтанышпен айта аламын. Бұдан басқа инсультпен түскен адамдарға жедел түрде ота жасап, мида ұйып қалған қанды алып тастау жағы да жақсы дамыған. Елімізде қазір эндоскопиялық ота жасау тәсілі жан-жақты дамып келеді. Эндоскопиялық ота деп қандауырдың көмегінсіз жасалынатын оталарды атайды. Отаның бұл түрімен бүйректегі тас пен толып кеткен өтті оп-оңай алып тастауға болады. Соңғы уақыттары түрлі гинекологиялық аурулармен түскен әйелдерге де эндоскопиялық ота жасап, өмірлеріне араша түсіп жатқан жайымыз бар.

– Манат мырза, медицина саласына өміріңізді арнаған білікті мамансыз. Сіздің денсаулық сақтау саласында қандай мәселе алаңдатады?

– Мені қазақтардың бейқамдығы қатты алаңдатады. Басқа ұлттар басы ауырып, балтыры сыздаса, емханаға тұра жүгіреді. Ал қазақтар болса әбден асқынып, көмек көрсетудің тәуекелі артқан кезде ғана емхананың есігін ашады. Мұндай жағдайда кейбір нақастар дертінен айығып кетсе, енді бірі өмірімен қош айтсып жататыны жасырын емес. Осындай оқиғалардан кейін дәрігерлерге таяқтың бір ұшы келіп тиетіні белгілі. Қазақстанда аурудың алдын алуға баса көңіл бөлінген. Мемлекет жыл сайын әрбір ел азаматының жергілікті емханаларда тегін кешенді медициналық тексеруден өтуіне жағдай жасап отыр. Өкінішке орай, осы мүмкіндікті халық әлі дұрыс пайдаланбай келеді. Мысалы біздерге асқазан ауруларымен қан түкірген науқастар келіп жатады. Сонда оның бірнеше жыл бойы кешенді тексеруден өтпегенін байқайсың. Егер әркім жыл сайын тексеруден өтіп тұрса, кез келген ауруды бастапқы кезеңінде оңай емдеуге болар еді. Қазір халықты кешенді медициналық тексеруден өтуге үгіттеп, жергілікті емхананың қызметкерлері насихат жұмыстарын жүргізіп келеді. Тіпті, бұл бағытта Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы да қыруар жұмыстар атқарып жатқанын білемін. Бірақ денсаулығын күтуге бет бұрған халықтың қарасы аз. Келешекте осы бағыттағы жұмыстарды жетілдірудің мәні зор деп есептеймін.

Әңгімелескен, Нұрлан ӘУБӘКІР