Back

Даниал Ахметов: “Көпбалалы отбасылар үй кезегінде тұрмауы керек. Біз мұны жоямыз”

Шығыс Қазақстанда көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамту қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов атап өтті.

Өңір басшысының айтуынша, өткен жылдың басында баспана кезегінде 906 отбасы тұрған, оның ішінде ауылдық жерде тұратын 563 отбасы бүгінгі таңда баспанаға қол жеткізді.

– Ағымдағы жылдың соңына дейін өңірде 1038 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлайтын болады. Кезекте тұрғандардың саны жыл сайын артып келеді. 2017 жылдан бастап баспана алу кезегі 4 есеге өсті. Көпбалалы отбасылардың тұрғын үй алу кезегін 2022 жылға дейін жоюды жоспарлап отырмыз, – деді Даниал Ахметов.

Жалпы, халықтың барлық топтарын сапалы және қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жалпы көлемі 588 мың шаршы метр 122 көп пәтерлі және 217 бір қабатты үйлердің құрылысы жүргізілуде.

Жыл қорытындысы бойынша 74 көппәтерлі және 204 бір қабатты үйлерді тапсыру жоспарланған. Бұл 519 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 4 900 пәтер.

Жалпы, тұрғын үй құрылысына 30 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,5 есе артық.

Тағы оқыңыз:

Ахметов: “Жұмыспен қамту? Биыл 21 мың адам екі қолға бір күрек тапты”