Back

Депутат араға біраз жыл салып зейнетақы жүйесінен жаңалық таппағанын айтты

Сайлау жақындағалы бері халық қалаулылары Үкімет басшысы Асқар Маминге сауал жолдауды үдетті. Бәрінің көтерген мәселесі маңызды. Бірақ олардың сауалына атқарушы билік мойын бұрып, көңіл бөлсе. а. Бұл жолы сенатор Әли Бектаев өзінің депутаттық сауалында халықты әлеуметтік қолдау мәселелеріне жан-жақты тоқталып, кезекті депуттатық сауылын жолдапты. Ол пандемия ауыл тұрғындарының тап болған әлеуметтік мәселелерге Үкіметтің назар аударуға тырысыпты. Тіпті, сенатор Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жиналған 10 триллион теңгеден астам қаржыны тиімді пайдалану жайында өз ойларын ортаға салыпты (депуттатың сөзін билік нащзарға алса).

Сенатор Қазақстанның 2030 жылға дейінгі мерзімге арналған зейнетақы жүйесін жаңғырту туралы тұжырымдамасының жобасымен мұқият танысып, одан ешқандай жаңалық көрмегенін атап өтті. Онда тек кепілдендірілген төменгі зейнетақы деген ұғым енгізілген көрінеді. Баяғыдан қабылданған бұл құжатпен білдей сенатордың өзі енді танысқан ба? Сонда ол баяғыда қайда болған.

Әлекең биліктің эшалонында бір вагоннан келсі вагонға ауысып жүргенінен біраз жылдың жүзі болғанын білеміз. Ал зейнетақы жүйесін жаңғырту тұжырымдамасымен енді танысып жатқаны қызық екен. Білдей «Ауыл» партиясының жетекшісінің бұлайша жайбасарлық танытуын қалай түсінеміз?

Жарайды, басқа жерде жұмыс істеп, зейнетақы тұжырымдамасымен таныспаған шығар. Осылайша кеш те болса сенатор мұндай тұжырымдаманы мүлдем қабылдауға болмайтынын айтып қалды (жау кеткен соң қылышыңды тасқа шап).

– Жаңа қабылданатын тұжырымдама, ауыл зейнеткерлерінің зейнетақысын көтерудің, ауыл еңбеккерлерінің зейнетақы жинақтарын көбейтудің жолдарын қарастыратын, сол ауылдардың зейнетақы қаржыларының сақталуын кепілдендіретін құжат болуы керек деп ойлаймын, – депті Әли Бектаев. Сенатор зейнетақы тұжырымдамасындағы қателікті Үкімет мүшелеріне көзін шұқып тұрып көрсеткеннен кейін, Қазақстанда жаңа әлеуметтік саясат енгізу керек ойын айтыпты. Ол саясат негізінен балаларды қорғауға және қолдауға бағытталуы керек екен.

– Балалар – біздің болашағымыз. Егер біз бүгін оларға ең төменгі кедейлік шегінің 70 пайызына тең әлеуметтік жәрдемақы беріп келсек, онда ертең олардан Отанға деген патриотизм мен сүйіспеншілікті талап етуге ешқандай құқығымыз болмайды, – деді депутат.

Сенатор Әли Бектаев мемлекет балаларға арналған барлық жәрдемақыларды жинақтап, балалардың әрқайсысын, тұрмыстық жағдайына қарамай, туғаннан 18 жасқа толғанға дейін кепілді және міндетті түрде әлеуметтік қолдаудың жаңа стандарттарын енгізуді ұсыныпты. Оны «бала капиталы» деп атауы керектігін де алға тартыпты. Бұл қарды арнайы карточкалар арқылы әр баланың қажетіне ғана жұмсалуы тиіс.

– Балалардың үйдегі жағдайын қалыптастыру мақсатында өмірге отбасыларды сүйемелдеу институтын, отбасының саулық индексін, отбасылардың әлеуметтік карталарын енгізу сияқты шаралар қабылдануы керек деп ойлаймыз. Әсіресе, қазақстандықтарды қалалық, ауылдық деп бөлмей, оларға әлеуметтік кепілдіктерге бірдей жағдай туғызу мақсатында барлық әлеуметтік бюджетті біріктіретін бірегей әлеуметтік қор құру қажет. Оған барлық мемлекеттік, атқарушы органдар мен квазимемлекеттік корпорациялар және холдингтердің, демеушілік танытатын кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін жұмылдырудың маңызы зор, – деді Әли Бектаев.

Депутат сауалының соңында әрбір қазақстандық өмірлік сапаның ең жоғарғы стандарттарына лайық екенін атап өтті.

Тағы оқыңыз:

Жұмағұлов: «Оқулық асығыс жазылады, мамандар төмен жалақы алады»