Back

Текелідегі амфитеатрдың құрылыс аяқталуға жақын

Текелі қаласының орталық саябағында 228 орындық амфитеатр салынуда. Бұл туралы көшпелі баспасөз-мәслихаты барысында Текелі қаласының әкімі Батыр Молдахметов мәлім етті.

Қазіргі таңда нысанның құрылыс жұмысына 25 адам мен 3 бірлік арнайы техника тартылған. Амфитеатр аяқталу сатысында, дайындық деңгейі 97%.

– Бұл жер тұрғындар үшін сүйікті орындардың біріне айналады, болашақта мұнда тұрғындардың бос уақыты үшін іс-шаралар ұйымдастыратын боламыз.  Бөлінген қаражат – 158,7 млн теңге. Жоба жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылуда, – деді Текелі қаласының әкімі Батыр Молдахметов.

«Асан М Компани» мердігерлік компаниясы өкілдерінің айтуынша, бүгінде барлық жұмыстар белсенді қарқынмен жүргізілуде, нысан бекітілген кестеге сәйкес пайдалануға беріледі.

Тағы оқыңыз:

Алматы облысында екі күн электр стансасы қосылды