Back

Коммуналдық қызмет көрсету кәсіпорындары Алматы облысының экологиясына қалай әсер етеді?!

Алматы облысы бойынша қалдықтардың 95%-ы өңірдің коммуналдық қызмет көрсету кәсіпорындарына тиесілі. Кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарына-3,3%, тамақ өнеркәсібі салаларына 1,5%. Бұл туралы Алматы облысы бойынша экология департаментінің басшысы Орман Аққозиев мәлімдеді.

Департаменттің мәліметінше, Алматы облысы бойынша 2020 жылға лимиттер белгіленген. Тасталатын қалдықтар бойынша шектеулер 156,0 мың тоннаны, төгінділер бойынша – 351,0 мың тоннаны құрайды.

– Бірінші 1 жартыжылдықта қалдықтар  бойынша нақты лимиттер 22,6 мың тоннаны құрады. 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2 мың тоннаға төмен. Ал төгінділер лимиті керісінше артып, 106,9 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,4 мың тоннаға артық. Сондай-ақ, өндірістік қалдықтар бойынша лимит – 2020 жылдың 9 айында 302,9 мың тонна, қалдықтар бойынша 22,3 мың тоннаға азаю және қатты тұрмыстық қалдықтар бойынша– 500,0 мың тонна 22,3 мың тоннаға азайды, – деп хабарлады Орман Аққозиев.

Ол ҚР Президентінің Жарлығымен Алматы облысының 2018-2021 жылдарға арналған экологиялық проблемаларын шешу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілгенін атап өтті.

Іс-шаралар жоспарына өңірдің мынадай экологиялық проблемалары енгізілген:

– облыстың елді мекендеріндегі өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу проблемалары, Жерді қашықтықтан зерттеу жүйесі арқылы анықталған рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою;

– “Сорбұлақ” көлінің теріс әсері мен экологиялық қатерін төмендету (Алматы қ. сарқынды суларды жинағыш);

– Панфилов уран кен орнының радиоактивті үйінділерін жою;

– Кербұлақ ауданының Сарыөзек, Ескелді ауданының Қарабұлақ және Қапшағай қаласының Заречное елді мекендеріндегі кәріз желілері мен тазарту құрылыстарының авариялық жай-күйі;

– Алматы облысының Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарында орналасқан өздігінен төгілетін гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау;

– Текелі қаласында орналасқан қалдық қоймасының теріс әсерін жою.

Тағы оқыңыз:

Алматы облысы індеттің екінші толқынан дайын. Өкпені желдететін аппараттың жалпы саны 533 бірлікке жетті