Back

Алматы облысы індеттің екінші толқынан дайын. Өкпені желдететін аппараттың жалпы саны 533 бірлікке жетті

Алматы облысында коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындыққа 7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл туралы “JETISÝ MEDIA” ақпараттық өткен баспасөз-мәслихатында Алматы облысы Денсаулық сақтау алаңында басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков мәлімдеді.

COVID-19-мен күреске жергілікті бюджеттен барлығы 12,1 млрд теңге бағытталды, оның ішінде ТЖ режимі кезеңінде 2,0 млрд теңге жұмсалған.

– Коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындалуға бюджеттен және резервтен қосымша 7,3 млрд теңге бөлінді. Вирусқа қарсы тұру мақсатында 2 компьютерлік томограф, 150 бірлік ӨЖЖ аппараты, жылжымалы рентген аппараты, 3 цифрлық рентгенологиялық жүйе, 100 бірлік оттегі концентраторы, 2000 дана пульсоксиметрлер мен виброакустикалық массажерлер және медициналық ұйымдар үшін дәрілік заттар сатып алынды, – деп түйіндеді Өмірзақ Ниязбеков

Бұдан басқа, пандемияның ықтимал екінші толқынына 5280 төсек-орын дайындалды. Естеріңізге сала кетейік, СOVID-19-мен күресу үшін жақында Талдықорған қаласында модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға берілді. Онда 200 төсек-орын бар, оның 20-сы реанимациялық бөлме.

Басқарма басшысының айтуынша, Талдықорған мен Алматыдағы көпсалалы ауруханалардың базасында ауыр науқастарға шұғыл көмек көрсету үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған ахуалдық орталықтар құрылған. Сондай–ақ, балалар жұқпалы аурулар ауруханаларының базасында балаларға арналған екі COVID-орталығы қосымша жарақтандырылуда.

«Екінші Толқынға дайындық аясында СOVID-орталығына сандық рентген-аппарат, 20 өкпені жасанды желдету аппараты, 12 концентратор, 30 монитор, 8 виброакустикалық аппарат және 130 пульсоксиметр қойылады» деп атап өтті Өмірзақ Ниязбеков.

Бүгінгі күні ауруханаларда 404 өкпені жасанды желдету  аппараты бар. Республикалық бюджет есебінен тағы 129 өпені жасанды желдету аппараты жеткізіледі деп күтілуде. Жергілікті бюджеттен 1,2 млрд теңге сомасына 100 бірлік ӨЖЖ аппараты сатып алынды, ӨЖЖ аппараттарының жалпы саны 533 бірлікке жетеді.

Өңірдің инфекциялық және провизорлық стационарларында 125,3 мыңнан астам қызуды түсіретін таблеткалар, 22,7 мың вирусқа қарсы препараттар, сондай-ақ 178 мың антибиотиктер бар. Тұрақтандыру қоры арқылы дәрілік заттар резервін қалыптастыру үшін жергілікті бюджеттен 500 млн.теңге бөлінді.

Тағы оқыңыз:

Баталов сөзінде тұрды. Облыста 56 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

«Жанұя» орталығы әлеуметтік әлсіз отбасылардың өмір сүру сапасын арттыруды көздейді