Back

Кәрімова хәл үстінде жатыр

Зәңгіата колониясында отырған Гүлнара Каримованың денсаулығы соңғы күндері тым нашарлап кетті. Бұл туралы туралы Каримованың қызы Иман Инстаграмда жазды.

Иман Каримованың айтуынша, оның анасы қазір колонияның санитария бөлімінде отыр, оған пневмония диагнозы қойылған.

“Оған медициналық көмек көрсетілмеді, короанвирусқа тексерілуге рұқсат бермеді. Дәрі-дәрмек пен емделуге арналған аппараттар беруге рұқсат жоқ”, – деп жазды Иман.

48 жастағы Гүлнара Каримова мемлекет мүлкін жымқырды, салық төлеуден жалтарды, басқа да экономикалық және қаржы қылмыстарын жасады деп танылған. Биыл наурыз айында оған тағы бір айып бойынша үкім шықты. Ташкент қалалық соты Каримованы “қылмыстық топ ұйымдастырды” деп танып, оны 13 жыл төрт айға соттады.

Тергеу нұсқасы бойынша, Гүлнара Каримова ұйымдасқан топты 12 жыл бойы басқарған.

Тағы оқыңыз:

Дариға Назарбаева әне-міне оралуы мүмкін – саясаттанушы