Back

Мемлекеттік қызметте туыстық қатынасқа орын жоқ

Жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа тосқауыл қоюға бысым назар аударылған. Құзырлы органдар бұл ретте заңнамалық тұрғыдан өзгерістер енгізуде. Құқықтық негіздегі бір қатар қабылданған қатаң шаралар «бармақ басты, көз қыстылықты» жоюдың тетігі болмақ.

Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында Агенттік әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңға мемлекет басшысы 6 қазан күні қол қойған еді. Бас құжаттағы 3 кодекс пен 10 заңға түзетулер енгізілді.

Заң Мемлекет басшысының жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың арандатушылық әрекеттері үшін қатаң жауапкершілік белгілеу туралы тапсырмасын іске асыруға бағытталған.

Ең әуелгі заңдағы өзгеріс, мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық беруге және аталған тұлғаларға сыйлық алуға тыйым салынып отыр.

Сыйлық алуға тыйым салынған тұлғалар қатарына депутаттар, судьялар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері, квазимемлекеттік сектор басшылары және олардың отбасы мүшелері жатқызылған.

Сонымен қатар, квазимемлекеттік сектор ұйымдарында корпоративтік адалдық стандарттары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы  арнайы қызметтер институтын енгізілді. Бұл өз кезегінде жемқорлық әрекеттерінің алдын алады дейді мамандар.

Бұдан былай, заңдағы өзгерістерге сәйкес мемлекеттік қызметте туыстық қатынасқа орын жоқ.  Нақытласақ, бір отбасының мүшелері бірі басшы, екіншісі соған бағынышты қызметті атқара алмайды.

Ендігіде, жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқық бұзушылыққа итермелегені анықталса,  қылмыстық жауапқа тартылады.

Айта кетерлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне квазимемлекеттік сектор субъектілерінен ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, аудит және бағалау жүргізуді талап ету құқығы беріледі.

– Басқарманы бақылауға алу, бюджет қаражатын тиімді пайдаланудағы негізгі фактор болып табылады. Мемлекетке тиесілі қаржыны тиімсіз пайдалану қазынаға қол сұғуға алып келуі мүмкін, – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы  Ернар Мақажанов.

Тағы оқыңыз:

Ауыл әкімі: «Инвестор 3 көшені асфальттап, 6,5 шақырым су каналын тазалап берді»