Back

Ауыл әкімі: «Инвестор 3 көшені асфальттап, 6,5 шақырым су каналын тазалап берді»

«Жетісу адалдық алаңы» жобасы аясында бүгін баспасөз-мәслихаты Көлбай ауылдық округінің әкімі Ержан Шакеровпен өткізілді.

Округтің негізгі экономикалық көрсеткіштерін – ауыл шаруашылық  саласы құрайды. Бұл салада 82 шаруа қожалық және 2 ЖШС еңбек етеді.

2020 жылы себілген жер көлемі 7106 га. Оның ішінде: мал азықтық дақылдары (көпжылдық шөп) – 500га, сүрлемдік жүгері – 640, дәнді дақыл – 2425 га, майлы дақылы – 3242 га, бақша дақылы – 199 га, қант қызылшасы – 100 га.  Қаратау ЖШС 740 га жерге күздік бидай еккен.

Мал шаруашылығы бойынша ірі қара 3778 бас, сиыр 1644 бас, қой-ешкі 18087 бас, аналық – 9572 бас.  Жылқы –1400 бас, бие – 740 бас, құс – 4445 бас. 2020 жыл бойынша  «Асыл» ЖШС 400 бас сүтті бағытта қолдан ұрықтандыру туралы келісім шартқа отырып, жұмыс толығымен аяқталған.

Елімізге келген шетелдік инвестор Қытайдың CITIC компаниясының демеушілігімен Көлбай аулының ұзындығы 1100 метр болатын 3 көшесіне тас төгіліп, асфальт төсеу  жұмыстары  жүргізілген.

Сонымен қатар, ұзындығы 6,5 шақырым болатын арық су каналдары инвесторлардың алып техникаларының көмегімен тазаланып ретке келтірілген.

Сондай-ақ, округке қарасты  Бұдыр ауылына баратын ұзындығы 1200 метр болатын жолға «Архарлы-Майбүйрек» ЖШС демеушілігімен ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілген.

2020 жылдың наурыз айында елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты «Біз біргеміз» акциясы аясында аудан азаматтарының демеушілігімен әлеуметтік жағдайлары төмен 40  отбасыға азық-түлік себеттері таратылса, Көлбай, Қызылқайың ауылдары азаматарының ұйымдастыруымен  жалпы соммасы 850 мың теңгеге  қайырымдылық көмек  көрсетіліп, 2 ірі қара малы сойылып көпбалалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі 50 отбасыға таратылған.

Округте құрылған аналар кеңесі де 200 дана бетперде тігіп аз қамтылған, көп балалы, отбасыларға таратқан.

Сонымен қатар, Көлбай, Қызылқайың ауылдарында орналасқан ФАП қызметкерлеріне ауылдың атқа мінер азаматтарының демеушілігімен 2 дана адамның қызыуын өлшейтін электронды тепловизор сыйға тартылған.

Тағы оқыңыз:

Лепсі ауылының әкімі есеп берді