Back

Алматы облысының алақандай ауылында 120 тонна ет өндірілген

«Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы «Адал көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-мәслихаты бүгін Архарлы ауылдық округінің әкімі Ерлан Төкеновпен өткізілді.

Арқарлы ауылдық округінің жалпы жер көлемі – 63351 шаршы шақырымды құрайды. Оның  ішіндегі суармалы егістік – 389 гектар, шабындық жер үй-1370 гектар, жайылымдық 57801 гектар.

2020 жылдың 1 қаңтарына округ бойынша 1479 мүйізді ірі қара малы, 7358  бас ұсақ мал, 520 бас жылқы тіркелген.

2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 120 тонна ет, 20 тонна жүн, 6 500 000 литр сүт өндірілген. Ауылда 12 жеке шаруа қожалығы бар.

Округ бойынша қысқа мал азығын дайындау науқанында биылғы жылы 40-қа жуық  ауыл шаруашылығы техникасы тартылып 4800 тонна ірі сабақты шөп, 600 тонна жоңышқа дайындалған.

Арқарлы ауылдық округіндегі ағын су мәселесі бойынша бүгінгі күнде Шілікті өзегіне бас каналға тазалау жұмыстары жасалынуда.

Ауыл шаруашылығы малдары жұқпалы ауыруларға қарсы профилактикалық екпе жұмыстары жоспарға сәйкес толық жүргізілген.

– Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша:«2020 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша өзіне-өзі  қызмет  көрсету  бұрышы  бойынша  E-GOV желісі арқылы округ  тұрғындарына  200 астам анықтама  шығарылып,   мемлекеттік қызмет көрсетілген, – дейді Арқарлы ауылдық округінің әкімі Ерлан Төкенов.

Коммуналдық сала бойынша ауыл тұрғындары таза сумен толық қамтамасыз етілген.

Ауыл көшелерінің орта жөндеу құрылыс жұмыстары бойынша ауылға кіре беріс жолдан бастап Ш.Уәлиханов көшесіне 1100 м жерге асфалть төселіп, халық игілігіне берілген.

Абаттандыру жұмыстары бойынша көктемгі, күзгі тазалық айлықтарында 12 рет сенбілік жұмыстары жүргізілген.

2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша  Қоғамдық жұмысқа 7 адам тартылған.

Ауыл тұрғындарын әлеуметтік қорғау қайрымдылық көмек көрсету мақсатында 1-қазан қарттар күні мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мерекесі күніне орай өткізілген 10 күндік акциясы аясында ауыл әкімдігінің ұйымдастыруымен жалғыз басты аналар мен тыл еңбеккерлеріне қайырымдылық көмектер көрсетілген.

Тағы оқыңыз:

Лепсі ауылының әкімі есеп берді