Back

Министр: «Зейнет жасы төмендемейді»

Қазақстанда зейнет жасы төмендетілмейді. Үкімет ондай мәселені мүлде қарастырып жатқан жоқ. Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов ел ішінде жиі айтылып жүрген мәселеге осындай кесімді жауап айтты.

– Мысалы Ресейде 2019 жылдан бастап ерлер мен әйелдерге зейнет жасын 5 жасқа үлкейту шараларын қолдана бастады. Әзірбайжан да 2017 жылдан бастап осы шараларды қолданып жатыр. Әлемдік тәжірибені ескеріп өзіміздің экономикалық-демографиялық сүйеніп, бүгінде Үкімет тарапынан зейнетақы жасын төмендету мәселесі қарастырылып жатқан жоқ, – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов. Министрдің айтуынша, зейнет жасын ұлғайту әлемдік үрдіске айналған. Оған Америка мен Еуропа елдерін де мысалға келтірді.

Жалпы зейнет жасын өсіру, не қысқарту мәселесіне келгенде ол ұзақмерзімді зерттеулерді негізге ала отырып жасалынатынын айтты.

Бұл мәселеде экономикалық, демографиялық деректер ескеріледі. Оған қоса, жұмыс істеп жүрген азаматтар мен зейнет жасындағы кісілер, сондай-ақ халықтың қартаю қарқынына дейін есепке алынады.

Мысалы, осыдан 10 жыл бұрын еліміздегі зейнеткерлер саны жұмыс істейтіндерге шаққанда 20 пайыз болса, бүгінде ол 30 пайыздан асқан. Айта кетейік, жақында коммунистік партия депутаттары зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендетуді ұсынған еді.

Тағы оқыңыз:

Депутат: «Зейнетке шығу жасын 60-қа дейін төмендету керек»