Back

Жәнібек қарсыласын екінші раундта сұлатып салды

Қазақстанның маңдайалды боксшыларының бірі Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) аргентиналық Гонсало Корияны нокаутпен жеңді.

Жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас штатындағы MGM Grand спорт кешенінде өтті. Жәнібектің қарсыласы 23 жастағы «Сиқыршы» лақап атты аргентиналық Гонсало Кория (16-4, 6 КО) болды.

Он раундқа есептелген жекпе-жек екінші раундта аяқталды. «Сиқыршы» Жәнібектің ауыр соққысынан кейін орнынан тұра алмады.

Оған дейін қазақ боксшы Корияны бірінші раундта-ақ есеңгіретіп, нокдаунға түсірген еді.

Осылайша 27 жастағы Ж.Әлімханұлы кәсіпқойбокстағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізіп, WBO Global және WBC ContinentalAmericas титулдарын қорғап қалды. Ал 23 жастағы Г.Кория бұған дейін 16 жекпе-жек өткізіп, соның үшеуінде ұтылып қалған болатын. Бұл – оның төртінші жеңілісі.

Тағы оқыңыз:

Соғыс тоқтады. Әзірбайжан мен Армения келсімге келді