Cоңғы жаңалықтар
Back

Күрішбаев: «Қағаздағы әдемі баяндама ауылдағы жағдаймен сәйкеспейді»

Сенатор Ақылбек Күрішбаев егіннен жиналған өнімнің анық көлемін, тұқымның шынайы сапасын, егістік және жинау жұмыстарының дәл мерзімі туралы нақты білімнің жоқ екенін ашып айтты. 

Ол мал шаруашылығында жануарлар туралы мәліметтерді тіркеу жұмыстарының негізгі бөлігі әлі де қағаз нұсқада жиналатынын, соның салдарынан көптеген қателіктерге жол берілетінін де тілге тиек етті.

Сенат депутаты жергілікті әкімдердің жұмысын бағалауды статистика деректеріне тәуелді ету ауылдағы жағдай туралы жалған ақпарат беруге жол ашатынын айтты. Сонымен қатар ол мал шаруашылығында жануарлар туралы мәліметтерді бұрмалау субсидияларды заңсыз алуға мүмкіндік туғызатынына назар аударып, осы мәселелерге қатысты бірнеше ұсынысын жеткізді.

– Біріншіден, егін шаруашылығының жай-күйі туралы объективті деректер алу үшін цифрландыру мүмкіндіктерін барынша пайдалану керек. Меніңше, ауыл шаруашылығының цифрландыру мәселесімен Есеп комитеті мұқият айналысуы қажет. Екіншіден, мал шаруашылығында адами фактор ықпалын толықтай жойып, жануарларды есепке алу мен ветеринарлық құжаттаманы жүргізудің бүкіл жүйесін цифрлық форматқа көшіру аса маңызды, – деді Ақылбек Күрішбаев.

Өкінішке қарай, бұл тұрғыда Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан әлі күнге дейін ешқандай шаралар қабылданған жоқ.

Тағы оқыңыз:

Депутат: «Зейнетке шығу жасын 60-қа дейін төмендету керек»