Back

Саакашвили елші Дархан Кәлетаевпен кездесті

Украина Ұлттық реформалар кеңесінің атқару комитетінің басшысы Михаил Саакашвили Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Кәлетаевпен қабылдады, деп хабарлады Мәлім.кз сайты. Бұл туралы украиналық саясаткер Facebook.com парақшасында жазды.

«Жұмыс кабинетімде Әзірбайжан мен Қазақстан елшілерін қабылдадым. Қазақстан елшісі Дархан Кәлетаев украина тіліне аударылған қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбайұлының кітабын сыйлады. Біз Украинаның екі елмен қарым-қатынасы сөз еттік. Біз постсоветтік аумақта реформалар бойынша жеке бюро құрамыз» деп жазыпты Саакашвили.

Бұған дейін Михаил Саакашвили «Nur Otan» партиясының мүшесі, депутат Нұржан Әлтаев бастаған делегацияны үйінде қабылдаған-ды. Қазақстандық меймандар арасында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экс-кеңесшісі Олжас Құдайбергенов, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бұрынғы мүшелері Арман Шораев, Бақытжан Бұқарбай,  «Nur Otan» партиясының тағы бір мүшесі, экс-депутат Бақыт Сыздықова болған.

Тағы оқыңыз:

Шақырту алған 300 мың жастың 40 мыңының ғана денсаулығы әскерге жарамды