Cоңғы жаңалықтар
Back

«Бұл не сұмдық!». Қораңда 5000 бас ірі қара болмаса субсидия ала алмайсың

Осы аптада Сенат депутаты Ғұмар Дүйсембаев мал шаруашылығын субсидиялау ережелерін қатты сынға алып, оны өзгертуді ұсынды. Ол бұл ойын жақында Үкімет басшысына депутаттық сауал ретінде жолдады.

Елімізде өндірілетін тағам өнімдері көлемін арттыру және импорттық азық-түліктерді азайту – пандемия кезеңінде  ерекше сипаттағы өткір мәселе болғаны белгілі. Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес» деп айтқан болатын.

– Осы бағытта берілетін субсидиялау ережелері мал бордақылау орындарында бір мезгілде көп мөлшерде мал басының болуын талап етеді. Оның талаптарын кіші шаруашылық түгілі, ірі шаруашылықтардың өзі орындай алмай отыр, – деді атап өтті сенатор.

Қолданыстағы ережеде ірі қара малын бордақылау орындарында бір мезгілде 5000 бас малды ұстау керек екен. Егер қораңызда мұншама бас мал болмаса субсидия аламын деп дәмеленбей-ақ қойыңыз.

Депутат қатал континентальды, құрғақ климатты жағдайымен ерекшеленетін,  жер үстінде жарамды су көзі жоққа тән Атырау мен Маңғыстау  облыстарының кәсіпкерлері бір мезгілде 2000 бас ірі қара санын 500 басқа дейін түсіру туралы  министрлікке ұсыныс енгізіпіт. Өкініше орай, Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруалардың ұсынысын қарауға асықпаған сыңайлы. Осыдан кейінсенатор Ғұмар Дүйсембаев бұл істі дереу Үкімет басшысына жеткізуді жөн көріпті.

Жергілікті жерден шабылған шөп мал азығы үшін жеткіліксіз болуына байланысты  мал шаруашылығына қажетті құрама жем мен азықтық дән еліміздің астықты аймақтарынан сатып алынып, тасымалданатыны белгілі. Бұл фермерлерге қаржылай ауыртпалық түсіретіні айтпаса да түсінікті. Депутаттың айтуынша, осының бәрі шағын және орта бизнестің дамуына және аймақтарды жергілікті ет өнімдерімен қамтамасыз етуге кедергі келтіруде.

Депутат Палатаның жалпы отырысында: «Еліміз бойынша жаңа дамып келе жатқан кіші шаруашылықтарды көтеру және өзімізді таза сапалы ет өнімдерімен қамтамасызу ету үшін бордақылау алаңдарында бір мезгілде тұратын мал санын төмендету қажет» дейді.

Ғұмар Дүйсембаевтің айтуынша, ережеде әр облыстың ерекшелегін ескере отырып, әртараптандыру түрінде қарау қажет. Жоғарыда аталған екі облыста бір мезгілде бордақылауға тұратын мал санын ережеде 500 басқа дейін төмендетсе, осы кәсіппен айналысатын шаруа қожалықтары біртіндеп аяққа тұрғаннан кейін бір мезгілде ұстайтын мал санын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз:

Сенатор: «Қойнауы мұнайға толы жерлердің қызығын делдалдар көріп отыр»