Back

Қазақстанның орнықтылық қоры купондық сыйақы төледі

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ («ВВВ»/болжамы «Тұрақты», Fitch – бұдан әрі ҚОҚ) ISIN KZ2C00006211 екі жылдық облигацияларын ұстаушыларға  бірінші купондық сыйақыны 5,95 млрд теңге сомасына уақтылы және толық көлемде төледі.

Бұл төлем 2019 жылғы 29 қыркүйекте жылдық 10,25% орташа мөлшерленген кірістілігімен 70 млрд теңге сомасына орналастырылған екі жылдық облигациялардың дебюттік шығарылымы бойынша жүргізілді.

ҚОҚ облигацияларының негізгі ұстаушылары екінші деңгейдегі банктер, институционалдық инвесторлар және заңды тұлғалар болып табылады.

ҚОҚ облигациялары мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейлі банктерден ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру мақсатында шығарылады.

Тағы оқыңыз:

Жыл соңына дейін Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол жүк тасымалы 21 млн тоннаға дейін жетеді