Cоңғы жаңалықтар
Back

Информатикадан халықаралық олимпиадада қазақ баласы күміс медаль иеленді

Қазақстанның құрама командасы информатика бойынша халықаралық олимпиадада (International Olympiad in Informatics – IOI 2020) бақ сынады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Биылғы жарысқа әлемнің 80 мемлекетінің оқушылары қатысты. Қазақстан команданың құрамына информатика пәні бойынша республикалық олимпиада және іріктеу турының нәтижелері бойынша үздік атанған 4 оқушы кірді.

IOI 2020 нәтижелері бойынша Өскемен қаласы “Білім-инновация” мамандандырылған лицейінің түлегі Темірлан Байболов күміс медаль иеленді. Темірлан ҚР ұлттық құрамасының құрамында екінші жыл қатарынан шақырылып отыр. Ол республикалық олимпиадалардың, беделді халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы,

Аталған пән бойынша халықаралық байқау шеңберіндегі интеллектуалды біріншілікте күллі әлемнің жас программистері жиналатынын айта кету қажет.

Аталған олимпиада күллі әлем бойынша ақпараттық технологиялар саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында ұйымдастырылған.

Олимпиада екі айналым бойынша өткізілді. Айналымдар барысында қатысушылар информатика мен АКТ бойынша түрлі қабілеттерін көрсетіп, алгоритмдік есептер орындады.

Қатысушылардың жұмыстарын, құрамына қатысушы мемлекеттердің өкілдері енген халықаралық әділқазылар алқасы бағалады.