Cоңғы жаңалықтар
Back

Аягөз қаласының әкімі ұсталды (видео)

Аягөз қаласының әкімі пара алды деп күдікке ілінді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Аягөз ауданы Аягөз қаласының әкіміне қатысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерден 1,2 млн теңге көлемінде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді қолға алды, – деп хабарлады құзырлы ведомствадағылар.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қуаныш АЗЫХАНОВ Аягөз қаласының әкімі болып былтыр шілде айында тағайындалған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жақында 200-ден аса (208) сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. 9 лауазымды тұлға ұсталды (жыл басынан бері 161 тұлға), 7 тұлғаға (жыл басынан бері 120 тұлға) қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды, 73 млн теңгеден астам (72 821 339 теңге) қаржы өтелді.