Cоңғы жаңалықтар
Back

Шымкентте 100 жасқа келген әжей пневмониядан жазылып шықты

Қызтай Дүйсебекова әжей өміріндегі жүзінші күзін жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлермен бірге қарсы алып, пневмонияны жеңіп шықты. Екі ғасырдың куәсі болған қарт ананың медицина мамандары 100 жасқа толған күнінде ауруханада атап өтті.

Қызтай әжей 7 қыркүйек күні Асар шағын ауданындағы жұқпалы аурулар орталығына ауыр халде жедел жәрдем көлігімен жеткізілген-ді. Дәрігерлер науқасқа өкпенің компьютерлік томографиясын жасап, әжейдің өкпе тінінің 55% зақымдалғаны анықтаған. Бұған қоса қарт кісіні асқазанындағы жарасы мазалапты.

Дәрігерлер науқасты бөлімшеге жатқызып, вирусқа қарсы терапиялық ем жүргізген. Нәтижесінде қарт ана толығымен айығып, дәл туған күнінде ауруханадан үйіне шықты. Дәрігерлерге алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

«Түскен кезде жағдайы ауыр болатын. Хаттамаға сәйкес ем жүргіздік. Қазір жағдайы бір қалыпты», – деді емдеуші дәрігері Тіленшина Ләззат.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Тағы оқыңыз:

Шымкентте мүгедек балалардың кедергісіз білім алуын қамтамасыз ет платформасы іске қосылды