Back

Айқын: «Қуаттың білімі таяз болғандықтан дезинфекторлардың жұмысынан күмәнданды»

Әнші Айқын Төлепберген Қуат Найман жазық жерде сүрініп, басына бәле тілеп алғанын айтыпты. Сонымен қатар ойланбай айтқан сөзі үшін спортшыға ауыр жаза берудің қажеті жоқ екенін айтты, деп хабарлайды stan.kz сайты.

– Қуат Хамитов желідегі ақпаратқа сеніп, осындай қадамға барды. Ешкім ешкімді ұрған да, сабаған да жоқ. Ол бала артық хайп қуып кетті.

Желіде тараған ақпаратта спортшы білімі аз болғандықтан тікұшақтар мен дезинфекторлардың жұмысынан күмәнданған. Қуаттың сөзіне сеніп, ешкім көтеріліске шығып кеткен жоқ. Сондықтан айыппұл салса жеткілікті. Үш жылға соттау деген артық. Қателеспейтін жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды, – деп жазды Айқын желіде.

Қуат Хамитовтың видеосы желіде кең тарап, полиция назарына іліккен еді. Видеоны әзіл ретінде түсіргенін айтқан спортшы жауапкершіліктен босатылды. Соңынан сөзімнен бас тартпайтынын да айтты.

Бұған дейін спортшының  әрекетін қателікке балаған Мұхамеджан Тазабеков пікірін айтқан еді. Тазабеков батырға уақытында басу айтатын ағалар жоқ деп налыған болатын.

Тағы оқыңыз:

“Халық бәрінен қымбат…”. Қамауға алынған Қуат Хамитов билікке жауап қатты