Back

“Шындықты айтқаным үшін жұмыстан қуды…”. Белгілі тележурналист мәлімдеме жасады

Белгілі тележүргізуші Жанат Бақыт “Алматы” телеарнасынан кетті. Журналистің айтуынша басшылық шындықты айтқаны жұмыстан қуған.


“Эфирден кеттім. Не үшін? “Неге?” хабарына шығып шындықты айтқаным үшін. Алматы қаласының саясатына қарсы келгенім үшін.  Тілсіз қуыршақ болмағаным үшін.

“Екінші толқын дейсіздер, сіздер бірінші толқынға дайын болмадыңыздар, қанша қандасым өлді!” дегенім үшін

 – дейді Жанат Бақыт.

Тележүргізуші осы жұмыс істеген арна басшылығына қарата, қазақ шыбынша қырылып жатқанда үнсіз қала алмағанын айтады.

“Қарапайым парацетомол таппағанның кесірінен қазағым өліп жатқанда, оттегі аппаратының жоғынан туысым өліп жатқанда мен үнсіз тұра алмадым. Айтқаным үшін емес, үндемегім үшін өзімді кешірмес ем. Сол себепті еш өкінбеймін. Халық арасында ақиқатында не болып жатқанын біреу айту керек қой?

Шындықты айтқан адамды жұмыстан шығара берсе эфирде ешкім қалмайтын шығар. Қалса да қаймақ емес көк суы қалар… Парақшаңа тыр жалаңаш фото қойсаң бұл-норма, бірақ шындықты жазсаң-эфирде көрінбеуің керек, – дейді Жанат Бақыт. 

Тележүргізуші еліміздегі журналистиканың беделі түсіп, төртінші билік деген мәртебеден айырылып қалғанын тілге тиек етіпті.

“Қазір журналистер биліктің қолшоқпарына айналды. Өкінішті. Сондықтан мен үшін бүкіл программаны жабудың қажеті жоқ, әріптестерімді жақсы көрем, өзім-ақ кетемін. Мен эфирден кеткенімен, эфир менен кете қоймас”, – деп жазды тележүргізуші желідегі парақшасында. 

Тағы оқыңыз:

Су жаңа сенатор: “Мына жүйеге көңілім толмайды, толмайды…”