Back

Тойға рұқсат жоқ: Қазақстанда карантиннен кейін де шектеу шарасы сақталады

Мемлекеттік комиссия мүшелері бірқатар нысандардың жұмысына тыйым салуды жалғастыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады премьер-министрдің сайтында.


Қандай қызмет түрлеріне тыйым салынады:

  • ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге, сонымен қатар үйде өткізуге;
  • барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына;
  • мәдениет нысандарының, музейлердің қызметіне, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге;
  • бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктердің жұмысына;
  • діни нысандардың жұмысына;
  • қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электричкалардың қозғалысына, жұмыс пойыздарын, қалааралық автобустарды/микроавтобустарды қоспағанда, ортақ вагондарды құруға.

«Маска режимі және әлеуметтік қашықтық сақтау – бұл барлығына міндетті санитарлық талап және азаматтардың өміріндегі күнделікті ережеге айналуы керек. Кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін олар толық дайын болған кезде ғана қалпына келтіру керек», – деді Асқар Мамин.

Эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру үшін демалыс күндері шектеу шаралары сақталады.

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен құрылған мемлекеттік комиссия 17 тамызда карантинді жеңілдету жоспарын бекітті. Қазақстанда 17 тамыздан бастап кей мекемелер жұмысын жалғастырады.

Тағы оқыңыз:

Елімізде 17 тамыздан бастап ашылатын нысандардың тізімі жарияланды