Back

Текесуда ауыз су, газ, жол толығымен шешілді

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің қаладан шалғай орналасқан елдімекендерді инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес, Әл-Фараби ауданындағы Текесу тұрғын алабында инфрақұрылым мәселесі өз шешімін тапты.

Анығырақ айтсақ, ағымдағы жылы аталған тұрғын алапқа шағал тас төселіп, 3 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Ал өткен жылы негізгі көшесіне демеушілер тарапынан жарық бағаналары орнатылған болатын.

Бұған дейін тұрғындар электр және газ жүйесімен толығымен қамтамасыз етілген болатын. Үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, ауыз су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 17 млн. теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары аяқталып, тұрғындардың пайдалануына берілді.

Тағы оқыңыз:

Жеті айда Шымкентте 1500 пәтер пайдалануға берілді