Back

Қазақ елімен достықты дамытқан тұлғалар марапатталды

Бүгін Ақорда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға және Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауға еңбек сіңірген тұлғалар наградталды.

II дәрежелі «Достық» ордені;

Америко Эдельсио – Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы, Бразилия Федеративтік Республикасы.

Ганем Халед Ас-Саид – Уақыптар министрлігінің департамент директоры. Мысыр Араб Республикасы

Кибар Зафер – жазушы, Түркия Республикасы.

Кошут Леонард – әдеби редактор, Германия Федеративтік Республикасы.

Манн Джейн – Кембридж университеті баспасы департаментінің басқарушы директоры, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі.

Мәжит Ақбар – жазушы, Қытай Халық Республикасы.

Пряхин Георгий Владимирович – Орыс әдебиеті академиясының вице-президенті, Ресей Федерациясы.

Пуиг Мария Санчес – Мадридтегі «Комплутенсе» университетінің профессоры, Испания Корольдігі.

Хачатрян Шушан – Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы, Армения Республикасы.

Хуанчжан Ха – аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы, Қытай Халық Республикасы.

Шатқам Қажымұхамет – жазушы, Иран Ислам Республикасы.