Back

Семейдің тері өңдеу комбинаты іске қосылды

Соңғы 10 жылдан бері тоқтап тұрған Семейдегі тері өңдеу зауыта қайтадан іске қосылды. Өндіріс орнына қаржы құйған инвестор екі ай бойы дайындық жұмыстарын жүргізіп, күні кеше ғана өндірісті іске қосып, алғашқы өніміне ие болды.

Үстіміздегі жылдың 3 маусымында «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ мен халықаралық «Kusto Group»  компаниялар тобына кіретін «Semey Tannery» ЖШС Семей қаласындағы тері өңдеу зауытын жалға алып, артынша сатып алу шартына қол қойған болатын.

Жаңадан іске қосылған кәсіпорын алдағы уақытта Қазақстанда мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтармен тығыз әріптестік қарым-қатынаста орнатып, мал терілерін жинап, одан дайын өнім шығаруды көздеп отыр.

Инвестор екі айдың ішінде зауыттың аймағын ретке келітіріп, тері өңдеуге қажетті жабдықтарды орнатып, өндіріс ошағын іске қосыпты. Зауытты іске қосу барысында кәріз жүйелері толықтай тазартылып, барлық жабыдықтарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, жұмысшылар жуынатын орын жасалыныпты. Алдағы уақытта комбинат теріден дайын және жартылай фабрикат өнімдер шығарып, ішкі нарық пен сырт елдерге саудаламақшы.

Қазіргі таңда зауытта 60 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Олардың көпшілігі кезінде осы өндіріс ошағында жұмыс істеген техникалық мамандар екенін айта кетуіміз керек. Жергілікті тұрғындар әйгілі зауыттың қайта іске қосылып, жұртты жұмыспен қамтығанына дән риза. Зауыт басшылығы алдағы уақытта өндіріс ошағы толық қуатында жұмыс істегенде зауытта жұмыскерлерінің санын 200-ге дейін артатынын алға тартуда.

Зауыттың алғашқы іске қосу жұмыстары сәтті басталып, қазірдің өзінде жалпы аумағы 3000 шаршы/метрді құрайтын сапасы жоғары wet blue  жартылай фабрикат өнімі алынғанын «Semey Tannery» серіктестігінің атқарушы директоры Руслан Бисенов мәлім етті.

Алдағы уақытта өндіріс ошағы толық күш-қуатында жұмыс істеген жағдайда жылына 1,7 млн шаршы/метр wet blue сапалы тері өнімін өндіретін болады. Осы ретте кәсіпорын қажетті шикізат пен терең өңдеуге қажетті химиялық препараттарды еліміз бен көршілес Ресейден жеткізіп отырғандарын тілге тиек өтті.

Тағы оқыңыз:

Семей. Провизорлық бөлімшеде жұмыс істеген дәрігерлерге 850 мың теңге төленеді