Back

1 қыркүйектен бастап қанша оқушы мектептен сабақ оқиды – Аймағамбетов жауап берді

Алдын ала болжам бойынша, 157 мың оқушы 1 қыркүйектен бастап штаттық режимде білім алады, деп мәлімдеді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министр 1 қыркүйектен бастап оқу жылы қашықтықтан оқыту форматында басталатындығын еске салды. Қабылданған шешім эпидемиологиялық жағдайға байланысты өзіндік сипаттамаларға ие.

– Алдын ала болжам бойынша, 2,6 миллион оқушы Интернет платформасы мен теледидарды қолдана отырып қашықтықтан оқытылады, 530 мың бала кезекші сыныптарда оқиды, 157 мыңнан астам оқушы штаттық режимде оқиды, – деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, шалғайдағы ауылдық мектептерде балалар штаттық режимде оқитын болады. Бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының өтініші бойынша қатаң санитарлық талаптарға сәйкес оқуды бастайды, сол үшін кезекші сыныптар ашылады.

– Яғни, балалар бір кабинетте бір мұғаліммен бірге оқиды, өтініштер барлық қолжетімді байланыс құралдары арқылы электронды түрде қабылданады, – деді Білім және ғылым министрі.