Back

ШҚО-да мобильді бригадаға 80 мың шақырту түскен

Шығыс Қазақстанда ауруханалар жанына жұмыс істеп тұрған мобильді топтарға күні бүгінге дейін 79 915 шақырту түскен. Қазіргі таңда облыста 373 мобильді топ жұмыс жасап тұр.

Еске сала кетсек, карантин уақытында халыққа қызмет көрсетуге медициналық қызметкерлерден тұратын мобильді топтар жасақталған болатын. Өскемен қаласының өзінде 41, Семейде 71 және аудан-қалаларда 200-ден астам топ жедел жәрдемнің жұмысын жеңілдетіп, үй жағдайындағы науқастардың денсаулығын бақылауға алған-ды.

Мобильді топ қызметкерлері шақырту бойынша барып, дене қызуын, қандағы оттегі мөлшерін өлшеп қана қоймай, науқасқа емханадан дәрігердің нұсқаулығымен берілген дәрі-дәрмекті де жеткізіп беруде.

Аталмыш топ жұмысын бастағанда жергілікті аудан және қала әкімдіктерінен де қолдау тауып, қызметтік көліктерге ие болған.

Тағы оқыңыз:

Үржардан шыққан кәсіпкерлер туған жеріне қол ұшын созды