Back

Әшімбаев пандемия кезінде депутаттардың не істегенін айтты

Пандемия кезінде халық қалаулыларының саяси белсенділігі бәсеңсіп қалғаннан кейін халық оларды іздеген еді. Жұрттың әлеуметтік желіде депутаттарды іздеуі ҚР Парламенті Сентаның Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құлағына жетіпті. Бүгін Сенаттың Спикері өзінің Фейсбуктағы парақшасында Сенат депутаттарының каникул кезінде не істеп жүргенін айтып, есеп бергендей болды.  

– Еліміздегі азаматтық белсенді топ өкілдері әлеуметтік желіде парламенттік каникул кезінде депутаттардың нендей мәселемен айналысып жүргені жайында мониторинг ұйымдастырғанынан хабардарымын.

Сенаттың Спикері ретінде өз ойымды білдіргенді жөн санадым. Дәл қазіргі уақытта сенаторлар өзінің аймақтары мен елордада жұмыстарын жалғастыруда. Бірқатар әріптестеріміздің өкілеттілігі аяқаталып, алдағы Сенат депутаттарын сайлау ісімен айналысуда.

Енді бір сенаторлар ел қатарлы коронавирус вирусын жұқтырып, емделуде. Вирус жұқтырған азаматтар мен әріптестерімнің тезірек сауығып кетуін тілектеспін.

Өткен сессияда депутаттар Мемлекет басшысының пандемияға қарысы күрес шаралары мен ел экономикасын қалыпқа келтіруге қатысты бастамаларын іске асыру үшін заңнамалық негізді қалыптастырды. Нақытырақ айтсам, ел азаматтарының бірқатарын салықтан босатып, әлеуметтік төлемдер төлеуін тоқтатуды, дүние-мүлікке салынған салықтардың өсімдерін кешіруге мүмкіндік беретін заң нормаларын әзірленді, – деп Мәулен Әшімбаев Сенат депутаттарының не істеп, не қойғандарын алға тартыпты.

Ал қоғам өкілдерінің жазғы каникул кезінде депутаттар не істеп жүр деген сұраққа қатысты ол былайша жауап қайырыпты.

– Дәстүрлі «Парламенттік каникул» сенаторлар үшін тек қана демалыстан тұрмайды. Қазіргі таңда әріптестеріміз Парламент қабырғасында жүрмесе де аймақтарда жұмыс істеп жатыр. Олар алдағы сессияда келіп түсетін заң жобаларымен танысып, жұмыс істеуде.

Иә, соңғы жағдайлар Сенат депутаттарының аудан-ауылдарға жоспарлаған жұмыс-сапарларына кедергі келтірді. Сол себепті сенаторлар ел аралау жұмыстарынан бас тартты. Алдағы карантин режиім алынып, жағдай қалыпқа келгеннен кейін аймақтарға жоспарлаған жұмыстарды міндетті түрде жүзеге асыратын боламыз.

Бүгінде сенаторлар Мемлекет басшынысы тапсырмаларының аймақта қалай жүзеге асып жатқанын бақылау жасауда. Депутаттар дәрі-дәрмек тапшылығы мен медициналық құрылғылардың жетіспей жатқанын жақсы біледі. Тіпті, олар осы мәселелердің оң шешілуіне өз үлестерін қосып та жатыр, – депті Мәулен Әшімбаев Фейсбуктағы парақшасында жазба қалдрыпты.

Бұдан кейін Мәулен Әшімбаев сенатор Мұхтар Бахтиярұлы мен Ғұмар Дүйсенбаев аймақтардағы ауруханаларды аралап, істің оң бағытта шешілуіне ықпал еткенін, тіпті, өз қаражаттарын да аямағанын алға тартыпты.

Сонымен қатар Сентаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, сенатор Мұхтар Құл-Мұхамедтің дәрі-дәрмектерді қолдан жасаушыларға қарсы жазаны қатаңдату турасында Бас прокуратураға хат жазып мәселе көтерігенін де тілге тиек етіпті.  Спикер жазбасының соңында сенаторлар коронавируспен күреске қаржы бөлгенін онысын жұртқа жария етпегенін де тілге тиек етіпті.

Тағы оқыңыз:

Нұрлан Нығматулин: «Депутаттар шетелде демалып жатқан жоқ, бәрі елде»

Депутат 42 500 теңгені ай сайын төлеуді ұсынды

Саакашвили: “Қазақтар, жемқорлықты жеңудің бір-ақ жолы бар”