Back

Дәрігерлердің қауіпсіздігіне 7,2 млрд теңге бөлінді

Үкімет індетпен бетпе-бет күресіп жатқан медициналық қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін Үкіметтің резервінен 7,2 млрд теңге бөлмекші. Бұл жайында Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

– Алғы шептегі қызметкерлердің жеке қорғаныс құралдарының резерві қалыптасты. Үкімет резервінен бұл мақсатта 7,2 млрд теңге бөлінді. Осы жұмыстар аясында 41 млн маска, 27 млн қолғап пен 379 мың қорғаныс костюмі және 1,2 млн ПТР-тест сатып алынады, – деді ол жиналыста.

Министрдің айтуынша, алдағы уақытта 2021 жылдың қыркүйегі мен ақпаны аралығы үшін қорғаныс құралдарының резерві жасалады.

Тағы оқыңыз:

Денсаулық министрі: «Коронавирус жұқтыру өсімі 4 пайыздан 2,1 пайызға азайды»