Back

COVID-19 туралы мәліметтердің жаңаруына орай оны диагностикалау мен емдеу жолдары үнемі өзгеріп отырады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы Сәуле Қасенова мәлімдеді.

Профессордың айтуынша, отандық және шетелдік медицина мамандарынан келіп түсетін жаңа мәліметтерге сәйкес COVID-19 диагностикалау мен емдеу жөніндегі клиникалық хаттамаға өзгерістер енгізіледі. Маманның атап өтуінше, шет елдердің де коронавирустық инфекцияны емдеу туралы клиникалық хаттамалары да өзгереді.

С.Қасенованың айтуынша, Қазақстанға келген ресейлік дәрігерлер тобы Ресейде COVID-19 диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасының сегізінші редакциясы дайындалатын мәлімдеген.

– Індет туралы күн сайын жаңа мәліметтер алып жатамыз. Бұрын-соңды ойламаған және қазір науқастардан көріп жүрген белгілерді. Осыған байланысты, ауруды диагностикалау мен емдеу жолдары өзгертіледі, – деді медицина ғылымдарының докторы, профессор С.Қасенова.

Тағы оқыңыз:

Білікті дәрігер COVID-19-ның өкпеге әсері туралы айтты