Back

Білікті дәрігер COVID-19-ның өкпеге әсері туралы айтты

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен сараптамалық брифингте медицина ғылымдарының докторы, профессор, Алматы қаласының штаттан тыс Бас пульмонологы Сәуле Қасенова COVID-19-дан қайтыс болған пациенттер мен медицина қызметкерлерінің туыстарына көңіл айтты. Сонымен қатар, ол осы инфекцияның республика аумағында таралуына қарсы күрескен барлық қазақстандықтарға алғыс айтты.

Пульмонолог өз сөзінде коронавирус тарапынан өкпенің зақымдану үдерісіне халықтың назарын аударды. Маманның айтуынша, вирус жоғарғы тыныс жолдарын (ринит, фаренгит) жай ғана зақымдамайды, сонымен қатар типтік емес пневмонияны дамыта отырып, төменгі тыныс жолдарына түседі. Геморрагиялық синдром пайда болады, өкпе тамырлары мен капиллярлары зақымданады, қанның қоюлануы (гипертромбоздар) пайда болады.

– Науқастар күшті ентікпені сезінеді, тыныс алу жетіспеушілігі дамиды, ауыр жағдайларда жедел респираторлық дистресс-синдром дамиды. Нәтижесінде дәрігерлер мұндай пациенттерді өкпенің қосалқы желдеткішіне ауыстыруға мәжбүр, себебі өкпе өз бетінше тыныс ала алмайды, – деп толықтырды С.Қасенова.