Back

“Оның үш қасиеті бар”. Саакашвили 80-ге толған Назарбаевқа қандай баға берді?

Украинадағы Қазақстан елшілігінде Елбасы мерейтойына орай “Көшбасшы жолы” дейтін конференция өтті деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Осы жиында сөз алған саясаткер Михаил Саакашвили Тұңғыш Президентке “көрнекті халықаралық қайраткер” деген баға берді.

“Ол ойындағы идеяны жүзеге асыра біледі. Әрдайым нәтижеге жетуді көздейді, мақсатына жетуде әркез табандылық танытады. Нұрсұлтан Әбішұлы ХХ-ХХІ ғасырдағы ел назарын аударған мемлекеттік қайраткерлердің бестігіне кіреді”, – деп сипаттаған екен Саакашвили Назарбаевты.

“Назарбаевты өзгелерден ерекшелейтін үш қасиеті – әділдігі, даналығы және парасаттылығы”, – деп алып-қосыпты осы жиында Саакашвили.

Оның айтуынша Назарбаевтың саяси күш-қуатын сарқи қоймаған, шапшаң шағында биліктен кетуі Тұңғыш Президенттің тұлғалық тұғырын одан сайын айшықтай түскен.

“Назарбаевтың ісі тарихта қалады. Оның соңындағы мұра берік іргетастан тұрады”, – дейді саясаткер. 

Украинаның экс-президент Леонид Кучма да Назарбаевқа жылы лебізін жолдап, мерейтойымен құттықтапты.

“Біз үшін сіз қабырғасын қалаған тәуелсіз Қазақстанның гүлденуін, көркеюін көру ең үлкен сый. Тәуелсіз Қазақстан мен Сіздің есіміңіз ажырамас ұғым”, –деп жазылыпты құттықтау хатта.

Тағы оқыңыз:

Даниал Ахметов: “Мен білетін Елбасы”