Back

Вера Сухорукова: “Назарбаев мен үшін саяси аренадағы үлкен тұлға”

Қоғам қайраткері, 1999-2003 жылдар Өскемен қаласының әкімі болған Вера Сухорукова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуін былай еске алады:


2003 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен келіп, облыс орталығындағы көпірдің ашылу салтанатына қатысты.

Салтанатты шарадан кейін өзі жеке көпірден жүріп, құрылыстың сапасын жіті қарап шықты. Одан кейін ғана өзінің «жақсы» деген бағасын берді. Бұл Тұңғыш Президентіміздің іскерлігін, әр істің сапалы болуын талап ететінін танытады.

Нұрсұлтан Назарбаев мен үшін саяси аренадағы үлкен тұлға, адамгершілігі мен қарапайымдылығы қатар жарасқан ел мақтанышы. Елін сүйген, жерін сүйген патриот.

Бүгінгі таңда Қазақстан көш бастаған кемеңгер басшының сара жолын жалғастырып, беделі артуда.

Айта кетелік ертең Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні. Елбасы 80-ге толады.