Back

Коронавирустың өршуіне той кінәлі – Тоғжанов

Маминнің орынбасары Ералы Тоғжановтың пікірінше коронавирустың күрт өршуіне рұқсатсыз өткізілген той-томалақ себеп болуы мүмкін. Тоғжанов халықты той өткізбеуге шақырды деп хабарлайды Dalanews.kz.


 

“Коронавирустың таралуын тежейтін іс-шаралар тоқтаған жоқ. Үкімет бұл бағыттағы жұмысты жалғастырады. Індеттің кеңінен таралуына кейбір азаматтардың карантин талаптарын сақтамауы және дәрігер кеңесіне құлақ аспауы себеп болды.

Әлемде КВИ жұқтырғандардың саны 10 млн-нан асып, қайтыс болғандардың саны 500 мыңға жуықтады. Соған қарамай біздің халық құдалық жасап, қыз ұзатуда. Маска тағуға арланатын азаматтар да бар. Той-томалақты жұрт көзінен таса астыртын өткізетіндер көбейген. Оған өздеріңіз де куәсіздер.

Соның салдарынан мұндай басқосуларда кем дегенде 20 адамға вирус жұққан, адам өлімі болған оқиғалар тіркелді. Президент айтқандай қазір той қуалайтын емес, ой қуалайтын заман. Бұл індетті жеңуде жауапкершілік барлығымызға ортақ”, – деді Тоғжанов.

Оның атап өткеніндей 5 шілдеден бастап карантин күшіне енеді. Оның талабын бұзған азаматтарға 83 мың теңге, кәсіпкерлерге 600 мың теңгеге дейін айыппұл салынады.