Back

Пневмония өршіп тұр. Цой соңғы тәулікте 20 адамның көз жұмғанын айтты

Соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирустан 10 адам көз жұмды. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты деп хабарлайды Dalanews.kz. 

“Соңғы бір күнде КВИ жұқтырған 10 адам және пневмониямен ауырған 20 адам көз жұмды. Қазір бұрынғыдай емес, КВИ жұқтырғандарды симптомды, симптомсыз деп бөліп-жармаймыз. Барлығын тұтас дерекке енгіземіз. Осы арқылы елдегі індеттің таралу ауқымын шынайы бағалай аламыз.

Ковид жұқтырған, алайда белгілері байқалмайтын әрбір науқас түптеп келгенде індетті таратушы”, – дейді министр.

Бұдан бөлек министрліктің пневмониямен ауырғандардың санын есепке алып жатқанын айтты. Соңғы бір тәулікте пневмонияға шалдыққан 1247 жағдайы тіркелген.

“Жағдайды бақылауда ұстаудамыз. Науқастарға тиісті ем-дом жасалуда”, – дейді Цой.

Ал коронавирустан көз жұмғандардың саны 198 адамға жетті.

Тағы оқыңыз:

83 мың теңге. Карантинді бұзған қазақстандықтар дәл осынша айыппұл төлейді